20
алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне
әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз
әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі
бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де
басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде
терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен
қонсы қонып жатады.
Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының
сипаттамасы. Теологиялық және патериалистік теориялар
мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының
қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл
мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары
мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана
көреді. Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты,
оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар
билеушілер берді; осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша,
құдайдың айқындаушы рөлі оның уәкілетті өкілдері арқылы да,
тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдай
өсиетін орындау болып түсіндірілді, ал зайырлы билік құдайдың
билігінің жердегі аналогы саналады. Патернализмнің теологиялық
теориядан айырмашылығы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің
билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді. Патерналистік
тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан
шығады және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара
қарым – қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету
принциптерін туғызады. Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл
бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы
баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым – қатынастың
отбасылық – туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы
алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз жүргізілуі,
отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін
асырып жіберу – міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.
Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан – мемлекеттік
құрылым, екінші жағынан – тірі организмнің арасында параллель
жүргізуші органикалық теория келіп жалғасты. Соған ұқсас жеке
организмнің басы, денесі, қолы және т.б дене мүшелері болатыны,
және олардың әрқайсысының орындайтын түрлі
функциялары
болатыны сияқты, әрбір мемлекеттік құрылым да белгілі бір
мақсатқа арналған және басқа мемлекеттік құрылымдардың
22
жауланып алынғандар құл болды, байлық пен жеке меншікті
еселеп көбейту үшін пайдаланылды, ал бұл шаруанымемлекет
сияқты мәжбүрлеу ұйымынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу
мемлекеттің пайда болу процестеріне қатысқанымен, аталған
теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіріңкіреп
кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.
Диалектикалық – материалистік теория мемлекеттің пайда
болуын табиғи – тарихи себептермен – өндіріс қаржысына
жекеменшіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен
шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар
тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама–қайшылықтың
ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда
отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады.
Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен
өзінің еркін бүкіл қоғамға арнады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің
диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф.
Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда
болуы» деген еңбегінде және В. И. Лениннің «Мемлекет туралы»
деген лекциясында кең түрде негізделді. Оларда, сондай–ақ
К.Маркстың кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуының
күрделі процесінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда
олардытүсіндіру кезінде бұл процестегі таптық фактордың рөлінің
дабырайтып көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды, өйткені
шын мәнінде мемлекет билік етуші таптың қарсыластарынбасып
– жаншып, қанап, қысым көрсету үшін ғана құрылған жоқ,
тұтас алғанда қоғамды басқарып, оның қалыпты жұмыс істеуі
және үдемелі дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз
ету үшін және
құқық тәртібін қалыптастырып, сақтау үшін де
құрылды ғой.
Достарыңызбен бөлісу: