1.3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет – басқару функциясын
орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша
нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ
өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы
дамытудың, әлеуметтік – саяси, рухани, ұлтаралықжәне жеке
адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін
шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді
әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары,
әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым
ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда,
15
құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде
қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және
мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің
көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне
қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты»
қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың,
таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым –
қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс қимылына
жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты
органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық – күш
құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық
субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік – мәжбүрлеу өкілеттігі
берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып,
әрбір белгі соғылған белгілерге егжей – тегжейлі тоқталып,
оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп
әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару
ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби
басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе оқу
және монографиялық әдебиеттерде айтатынындай «жария
биліктің» болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп
шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына
айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы.
Басқарушы – адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы – рулық
басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік
жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің абайсыз үлкенмеханизмін
іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан
басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару
жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тура екіншілерінің
біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес,
сондай–ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми
түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
16
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі
үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық – бұл
мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі,
салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен
немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты
мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі
ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен
қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор
армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетінішкі саяси және сыртқы
саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру,
ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды
салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін
және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз
етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын
аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы
– рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша – қандас
туысқандардың байланысы мен қарым–қатынасынан құралады.
Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым
болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі
құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеутуралы мәселені
шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да
шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиістілігін,
тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі
бірқатар мемлекеттік – құқықтық институттармен тұтас алғанда
жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге,
тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі
бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың
бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып
танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының,
сондай–ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
арқасында мемлекет халықты «өзіміздікі» және «өзіміздікі емес»
деп дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы)
және ішкі (автономиялық және өкімшілік – аумақтық бөліністер
арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай.
Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңестегі шегі, сондай
17
– ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын
аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін
құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты
қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа
ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарының
жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік
береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар үстемдік және
тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең
жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық
ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің
басымдық рөлін мойындайды, өздерінің оның мәртебесі мен
маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын
орындауға, мемлекеттің белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе
құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші
бір құрамдас бөлігі саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі,
мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық
бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді
араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды,
басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының
ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде – бір
ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекеттік биліктің
дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға
міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет
басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым–
қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысанын, реттеуді және
ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады.
Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше
алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп
тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық
шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен
басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса,онда
құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды
ерекшелігімен сипатталады және әр алуан бұл айтылғандардан
басқа, мемлекеттің құқық шығармашылық монополиясы, сондай-
ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп кепілдік беретін
функциялары бар. Мемлекет, қоғамдағы негізгі өзара қарым
18
– қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған
құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы
болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының
жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі мемлекеттің айрықша
белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік
белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту
керек, ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық
пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде
мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек.
Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да:
соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық
құрамдас бөлігіне жатқызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |