19
қандай күштің басым ықпал етуіне байланысты. Сондықтан,
мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық үстемдік және
билеуші топтың еркін тану есептелсе, екінші жағдайда – таптық
және жалпы қоғамдық процесстердің үйлесуі.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселе мемлекеттің
мәні туралы мәселелерге тікелей келіп тіреледі. Сонымен қатар
өзінің кейбір аспектілерінде олар қиылысып та жатады. Жалпы
айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа
немесе билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсатыпроблемаларын теория
жүзінде байыптап түсініп,оны шешудің қазіргі заманғы әдістерін
жасауда творчестволықпен пайдалану қажет.
Ал олар, біздің көзқарасымыз бойынша, түрлі мемлекеттерге
деген дифференцияланған қарым–қатынасқа негізделуі керек,
өйткені кейде мемлекеттердің қызметі түрлі игіліктер мен
құндылықтары шағын таптық сипатта болса, екіншілерінде
– игіліктер мен құндылықтар жалпы адамзаттық сипатта,
үшіншілерінде таптық, сондай–ақ жалпыадамзаттық сипаттағы
игіліктер мен құндылықтардың жиынтығы болады. Әр түрлі
мемлекеттің мақсатын ашып көрсететін бірыңғай формула жасау
мүмкін емес. Қорытындысында,қоғамдағы тәртіптің мемлекет
жақтайтын бағытын анықтай отырып, олар оның күнделікті
қызметіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: