Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Қылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері



Pdf көрінісі
бет104/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

32.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері
Қылмыстық құқықтың міндеттерін оның пайда болуымен 
тікелей байланысты, баяғыдан келе жатқан қорғау міндетінен 
бастауға болады. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында: «адам мен 
азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін 
меншікті,  ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін, 
қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздікті,  қоршаған  ортаны,  ҚР 
Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам 
мен мемлекеттің заңмен қорңалатын мүдделерін қылмыстық 
қолсұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін 
қорғау...» міндеттері көрсетілген.
Бұрынғы қылмыстық кодекстерде қорғалатын объектілерді 
баяндау ретінің өзгеше болғандаған, алдыңғы кезекте мемлекеттік-
қоғамдық,  содан  соң  ғана  жеке  адамның  мүдделерін  қорғау 
тұрғандығын айта кету керек.
Қылмыстық құқықтың қорғау міндеті туралы сөз қозғағанда 
екі    тұрғыдан  қараған  жөн.  Алғашқысы,  қылмыстық  заңның 
жалпылама ескертпесі (қылмыстың жалпылама алдын алу мін-
деті), яғни азаматтарды қылмыс жасаудан тыйым салу арқылы 
сақтандыру. Тек қана тыйым салатын нормалар емес, сонымен 
қатар,  кейбір  істерді  жасауға  жол  беретін  әрекеттермен  де 
(мысалы, қажетті қорғану мен аса қажеттілік туралы) жалпылама 
ескертпе жасалады. Өйткені, мұндай нормалардың да қылмыстың 
алдын алуда өз үлесі бар.
Екіншісі, қылмыстың жеке-дара алдын алу міндеті. Ол бұған 
дейін қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жаза медициналық 


314
және тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты соттау сияқты 
шараларды қолдану арқылы жаңа қылмыс жасаудан сақтандырады.
Бұлар  қылмыстық  құқықтың  негізгі  міндеттері.  Бұдан 
басқа да міндеттерді айтуға болады. Қылмыстық Заңның бұл 
көрсетілген міндеттері қылмыстық саясат арқылы жүзеге асады, 
ал ол кең мағынасында қылмыспен күресу жолындағы мемлекеттің 
ұстанған саясаты болып табылады.
Қылмыстық  құқықтың  принциптері  қылмыстық  құқық 
басшылыққа  алатын  оның  институттары  мен  нормаларының 
негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастаулар. Қылмыстық 
құқық қандай жетекші идеяларды ұстанады? Олардың бірқатарын 
санап шығуға болады, бірақ, соның ішіндегі төмендегі 10 принцип: 
қылмыстық құқықтың басты-басты қағидалары: 
1. Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберін-
дегі оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып, жүргізуге иек 
артады. Ешкім де соттың үкімінсіз, яғни заңға қарсы жолмен кінәлі 
болып табылмайды. Сондықтан да қылмыстық заң қылмыстардың 
нақты тізімін көрсетеді. Қылмыстық заң нормасын ұқсастығы 
бойынша (аналогия) қолдануға тыйым салынады.
2. Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның 
тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жыны-
сына, нәсіліне, ұлтына, ініне, нанымына, тұрғылықты жеріне 
қарамай Заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР 
Конституциясының 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың 
бәрі тең»,- делінген. 
3. Қылмыстық  құқық  принциптерінің  енді  бірі  қылмыс 
жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтын-
дығы.  Әрбір  қылмыс  жасаушы  қолымен  істегенді  мойнымен 
көтеретінін  біліп  жүруі  тиіс.  Бұл  принципті  жүзеге  асыру 
нысандары болып мемлекет атынан оның органдарының қыл-
мыстық істі қозғауы, айып тағуы, соттауы, жаза тағайындауы 
мен орындауы табылады.
4. Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасғаны үшін 
заңды тұлғалардың емес, тек қана жеке тұлғалардың қылмыстық 
жауаптылығын көрсетеді.
5. Айыпты  жауаптылық  принципі.  Қылмыстық  әрекеті 
үшін басқа адамдар (баласы, ата-анасы, т.б.) емес, нақты сол 
әрекетті жасаушы адамды жауапқа тартуды ғана білдірмейді, 
сонымен қоса, оны айыпты түрде жасаған адам айыпты екенін 


315
көрсетеді. Объективті айыптауға, яғни, кінәсіз зиян келтіргені 
үшін  (қапылыста  жәбірленушінің  кінәсінен)  қылмыстық  жа-
уаптылыққа жол берілмейді.
6.  Әділдік принципі.. Обьективті,жеткілікті, заңға сәйкес 
мәліметтерге сүйене отырып қана қылмыстсқ жауапқа тартуға 
болатынын,  айыптының  жасаған  ісі  мен  тартқан  жазасының 
сәйкес  болуын  бар  қылмыс  үшін  қайталап  жауапқа  тартуға 
болмайтынын білдіреді.
7.  Демократизм  принципі.  Сот  төрелігін  жүзеге  асыру 
барысында  іске  қатысушылар  мен  сол  аудиторияның  басым 
бөлігі  білетін  тілде  жүргізу,  сотталушыларды  егер  қажет 
етсе, аудармашының қорғаушының көмегімен қамтамасыз ету 
демократизм принципінің  көрінісі болып табылады.
8.  Гуманизм принципінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш 
жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап 
кейде әкімшілік жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстық 
жауапкершіліктен толығымен босатудан керісінше ауыр қылмыс 
жасағандарға, рецидивтерге ұйымдасқан құрылымдардың  мүше-
леріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.
9.  Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі. 
Мемлекет  құқықтық қудалауды қылмыс жасаушының түзеудің 
басқа жолы қалмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш 
принциптің көрінісін жазаның көлемімен салмағын қысқартудан, 
бас бостандығынан айырмайтын шаралар салмағының өсуінен, 
орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық ықпал  ету 
нысандарымен  ауыстырудан,  кейбір  қылмыстарды  әкімшілік 
құқық бұзушылық санаттары қатарына қосудан көрінеді.
10.Интернационализм принципі ұлттық теңдікті бұзғаны 
үшін басқа мемлекеттің мүддесіне,халықаралық қауіпсіздікке, 
ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауап-
кершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет