Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Қылмыстық заң ұғымы,ерекшеліктері мен



Pdf көрінісі
бет105/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

32.3 Қылмыстық заң ұғымы,ерекшеліктері мен
маңызы, міндеттері мен мақсаты.
Қылмыстық заң халықтың басым бөлігінің еркі мен құқықтық 
санасының  көрінісі  есебінде  ҚР  Парламенті  қабылдайтын  
нормативтік актілердің бірегейі болып табылады. Бұл әрекеттер   


316
(іс-әрекет немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, 
оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық 
жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін 
анықтайды.
Қылмыстық заң (Қылмыстық кодекс) Қылмыстық кодекстің 
1-бабында шегелеп тұрып көрсетілгендей,қылмыстық құқықтың 
бірден-бір  қайнар  көзі  болып  табылады.  Ешқандай  да  сот 
преценденті, әдет-ғұрып т.б.да актілер қылмыстық құқықтың 
қайнар көзі бола алмайды. “Қылмыстық жауаптылықты көздей-
тін  өзге  заңдар  оларды  осы  Кодекске  енгізгеннен  кейін  ғана 
қолданылуы тиіс”,-дейді ҚР ҚК 1-бабы.
Жалпы заңды, соның ішінде қылмыстық заңды да ҚР Парла-
менті қабылдайды дедік. Дегенмен,Конституцияның 53-бабынан 
“Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: ...Президентке 
оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының 
үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң 
шығару өкілеттілігін беруге хақылы”,-деген жолдарды оқимыз. 
Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес  Президенттің 
“заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-
ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар”. Егер 
Парламент аталмыш заңды бір ай ішінде қабылдамаса Президент  
жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылатын заң күші бар Жарлық 
шығаруға хақылы.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жа-
уаптылықтың  талаптары  мен  принциптерін,  негізін,  қылмыс 
түсінігінің  жалпылама белгілердің,қоғамға қауіпті іс-әрекеттер 
мен әрекетсіздіктер шеңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін 
анықтау жатса,осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың 
алдын алу,яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
Қылмыстық заң әртүрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне 
байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар, қылмыстық 
құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық 
заң болып үшке бөлінеді.


317


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет