Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚЫЛМЫС 33.1  Қылмыстың ұғымы,белгілері және қылмыстарды



Pdf көрінісі
бет106/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

ҚЫЛМЫС
33.1  Қылмыстың ұғымы,белгілері және қылмыстарды 
топтастыру
Негізінен қылмысқа анықтама берудің екі жолы қалыптасқан 
(формальды және материялдық анықтама). Қылмыстың мәнін 
түсіну үшін материялдық анықтамаға жүгінген дұрыс.
Қоғамға  қауіпті  болғандықтан  ол  белгілі  бір  қоғамдық 
қатынастарға зардап келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады. 
Сондықтан заңда қорғалатын обьектілер тізбегі келтіріледі:жеке 
адам,қоғам,мемлекет,меншік...
Қоғамға қауіптілік әрекеттің өзіне жасалу орнына, уақытына, 
жолына, мотивіне, мақсатына, әрекет зардабына,жасаушының 
тұлғасына байланысты өзгеріп отыратын ауыспалы категория.
Оның сапалық (қандай құндылықты өмір, меншік, ар-намыс, 
т.б.нысанға алынады) және сандық қауіптілік дәрежесі: қылмыс 
аяқталған ба жоқпа? Бір адам ба,коп адамба?т.б. қасиеттері де бар.
Сол себептен де Қылмыстық заң сыртқы көрінісі қылмысқа 
ұқсағанымен  маңызы  шамалы  әрекеттерді  қылмыс  қатарына 
қоспайды.
Сонымен  қоса  қоғамға  қауіпті  әрекет  Қылмыстық  заңда 
міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қылмыстық заңды ұқсастығы 
(аналогия) қолдануға жол берілмейді.(Конституция 77-бап,ҚК 
9-бап)
Әрекеттің қылмыстық заңда көрсетілуінің өзіде қылмыс деп 
табу үшін жеткіліксіз. Тек қауіпті деп жариялап қана қоймай,оған 
тағайындалатын  жаза көрсетілуі тиіс.
Қылмыстың тағы бір белгісі – айыптылығы, яғни қоғамға 
қауіпті әрекет кінәнің белгілі бір нысандарға(қасақана немесе 
абайсызда) жасалуға тиіс.
Жазықсыз зиян келтіру жауаптылыққа жатпайды. (ҚК 23-
бап).
Сонымен, бұдан қылмыстың төмендегідей белгілері шығады:
1.Қоғамға қауіптілігі;
2.Заңға қайшылығы;
3.Айыптылығы;
4.Жазалатындығы.
Бірқатар  авторлар  қылмыстың  тағы  бір  белгісі    ретінде 
моральға  қарсылықты  табады,әйтсе  де  басқа  авторлар  заңға 


318
қайшы әрекет моральға да қарсы екенін алға тартып аталмыш 
белгіні қылмыстың іргесі бөлек нысаны деп танымайды. 
ҚР ҚК 9 – бабы қылмысқа:
“Осы кодексте жазалау қатерімен  тыйым салынған,айыпты 
қоғамдық қауіпті іс- әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып 
табылады”,- деген анықтама береді.
Қылмыстарды сыныптау. ҚК 10- бабында көрсетілген қылмыс 
сипаты мен дәрежесіне қарай 4 сипатқа   (категорияға) бөлінеді: 
онша  ауыр  емес,  ауырлығы  орташа,  ауыр  және  ерекше  ауыр 
қылмыстарға жіктеледі.
“жасағаны  үшін  осы  кодексте  көрсетілген  ең  ауыр  жаза 
екі  жылға  бас  бостандығынан  айырудан  аспайтын  қасақана 
жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы кодексте көр-
сетілген  ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан 
аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс 
деп танылады”.
Ал, егер қасақана  жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын 
мерзімге, абайсызда жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын 
мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  көзделсе,  ол-  ауырлығы 
орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза он 
екі  жылға  бас  бостандығынан  айырудан  аспайтын  қасақана 
жасалған әрекет ауыр  қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы кодексте он екі жылдан астам мерзімге 
бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы 
көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп та-
нылады. (ҚК 10- бап).
Байқағанымыздай, қылмыстық заң қылмыс санаттарын жаза 
түрінде соның ішінде бас бостандығынан айыруға байланысты 
ажыратады екен.
Қылмыс санаттары Қасақана жасалған қылмыс Абайсызда 
жасалған қылмыс
Онша ауыр емес қылмыс Екі жылдан аспайтын мерзімге 
Бес жылдан аспайтын мерзімге
Ауырлығы орташа қылмыс  
Бес  жылдан  аспайтын 
мерзімге  Бес жылдан астам мерзімге
Ауыр қылмыс   Он екі жылдан аспайтын мерзімге 
Аса ауыр қылмыс  Он екі жылдан астам мерзімге немесе 
өлім жазасына  


319


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет