320
4қылмыстың субьективтік жағы Кінә (абайсыздық немесе
қасақаналық) Мотив мақсат,эмоциялық жағдай.
Кейде қосалқы белгілер қылмыстық жауаптылықты
ауырлатуға немесе жеңілдетуге бағыттайды. Сол себепті
қылмыстық құқық теориясында негізгі қылмыс құрамын,
жауаптылықты ауырлататын мән- жайларымен берілген қылмыс
құрамын және жауаптылықты жеңілдететін мән – жайлармен
берілген қылмыс құрамын бөліп көрсетеді.
Белгілерді баяндау жолына байланысты қылмыс құрамы
қарапайым (бір әрекет,бір обьект) және күрделі (қос обьектімен,қос
әрекетпен, кінәнің қос нысанымен құрамға бөлінеді.)
Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалды
және формальды құрам болып жіктеледі.
Материялды құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті
зардаптың құрылуына байланысты болса, формальды құрамда
зардапты тосып жатпай – ақ,қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың
өзі қылмыстың аяқталмағандығын көрсетеді(мыс,қарақшылық
179-бап,бандитизм 237-бап).
Қылмыс құрамының қылмысты дәрежелеу (квалификациялау)
үшін де ойып алар орны бар. Қылмысты дәрежелеу дегеніміз –
жасалған қоғамға қауіпті әрекет (қылмыс)белгілерінің ҚК ерекше
бөлімінде нақты қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес келуі.
Дұрыс дәрежелемеу заңдылықтың бұзылуына әкеп соқтырады.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін, біріншіден, қылмыстың
нақты жайларын анықтау, екінші, тиісті қылмыс құрамының
ешқандай белгісін назардан тыс қалдырмау, үшіншіден,
жоғарыдағы белгілердің толық сәйкестігін орнату керек.
Қылмысты дәрежелеу белгілі бір бапқа сілтеме жасау жолымен
болады. Егер бап бөліктерден яки тармақтардан тұрса, тиісті
бөлікке немесе тармаққа сілтеме жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: