33.5.Аса қажеттілік ҚҚ 34¬ бабы бойынша заңмен қорғалатын мүдделерге аса
қажет болған жағдайда зиян келтіру,яғни белгілі бір адамның
немесе өзге де адмдардың өміріне,денсаулығына,құқықтары мен
заңды мүдделеріне,қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне
тікелей қатар төндіретін қауіпті жою мүмкін болмаса және бұл
орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетуге жол берілмесе,қылмыс
болып табылмайды.
Аса қажеттілік жағдайында қашан да екі мүдде тіресіп
қалады, біреуін қорғау үшін екіншісіне зиян келтіруіге мәжбүр
болады.Мысалы,оқыстан жүгіріп шыққан баланы басып
кетпеу үшін жүргізуші ойда жоқта бұрылып,біреудің күйсеп
жатқан сиырын мертіктіреді.Аса қажеттілік заңды болу үшін
де бірталай талаптар қойылады. Қауіпке қатысты талаптар.
Біріншіден,аса қажеттілікке алып келер қатердің қайнар көздерінің
сипаты сан саласы болуы ғажап емес.Мысалы, кісінің қоғамға
қауіпті әрекеті табиғаттың дүлей күштері (зілзала,су тасқыны
т.б.),техниканың бас бермей кетуі,жануарлардың шабуылы,адамның
ауруы,аш қалуы,қос міндеттің түйісіп қалуы(дәрігер:екі жақта екі
науқас).Ал қажетті қорғануда қауіп тек басқа адамдар тарапынан
келеді(жоғарыдағыдай бастаулар жоқ).Екіншіден,қажетті қорғану-
дағыдай қатер нақты болуы,яғни,көзбе-көз басталуы керек.
Үшіншіден,жорамалды емес,шынында да қауіп төндіретін
күмәнсіз болуы-шарт. Қорғануға қойылатын талаптар.
Алдымен, қажетті қорғанудағыдай,бұнда да заң қамқорлыққа
алған мүдделерді қорғау қажет.Екіншіден,зиян қол сұғушыға
емес,басқа бер қорғалатын мүддеге келеді(қажетті қорғану-тек
қол сұғушыға).Теке тірескен қос мүддені салыстырып,құндысын
қорғап,бағасы төмендеуіне зиян келтіруге тура келеді(өйткені
басқа жол жоқ).Жапа шеккен объектіден аман қалған объекті
артықтау болуы тиіс,яғни.<басын> аман алып қалу үшін
<құлағын> садаға береді (<бас> пен <құлақ>).Құны мөл-
шерлес объектінің бірін қорғап,екіншшісіне зиян келтіру
аса қажеттілікке атпайды.Ал қажетті,қорғануда ондай болуы
ғажап емес.Мысалы,өзін өлтіруге ұмтылған адамды өлтіру.
Үшіншіден,тікелей төнген қатердің басын қайтарудың өзге
мүддеге зиян келтіруден басқа амалы қалмау керек.Басқа
жолы бола тұра зиян келтіру-аса қажеттілік емес(ал қажетті
327
қорғануда басқа жолы бола тұрса да белсенді қорғана алады).
Төртіншіен,қорғану кезінде аса қажеттіліктің шегінен асуға ол
берілмеуі керек.