141
қақылығы туындайды. Қорғалу тәсілдерін азаматтар өз еркімен
таңдай алады, мысалы, сотқа жүгіну, жоғары сатыларға арыздану,
шағымдану, т.б.
Осындай тұжырымдардың мазмұны Конституцияның басқа
да баптарынан айқындала түседі. Оның 13-бабында, «әркімнің
өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына
құқығы бар», - делінген. Демек, азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және мүдделерін құқық бұзушылықтан тек
қана сот қорғай алады деген сөз. Құқығы бұзылған адам, егер
заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне
келтірілген залалдың толық өтелуін толық талап ете алады.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік
органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруынан, сондай-ақ
осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі)
салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды
Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық
бөлініс өтеуге тиіс.
Осыған байланысты жәйт – бұзылған құқықты қорғу үшін
өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң
құжаттарында
өзгеше көзделмесе,
құқық қорғау туралы талап
қойып сотқа жолдануға кедергі жасалмайды. Ол үшін әрбір
адам заң тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын
болуы қажет. Өкінішке қарай әзірше адамның құқық сауаттылығы
жоққа тән. Сондықтан адвокаттарды, (қорғаушылардың) көмегіне
жүгінуге әкеп соқтырады. Конституцияның 13-бабында: «әркімнің
білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда
заң көмегі тегін көрсетіледі», - деп жазылуы кепілдіктің тағыда
бір көрінісі.
Көмектің түрі әртүрлі. Ол – конституция (заңдарды түсіндіру
ретінде), не адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, шаруашылық,
істерге байланысты сот істеріне қатысып, заң көмегін беруі
ретінде болуы мүмкін. Ұсталған, тұтқындалған, қылыс жасады
деп айыпталған әрбір адам сол ұсталған тұтқындалған немесе
айып тағылған кезден бастар адвокаттың (қорғаушының) көмегін
пайдалануға құқылы.
Осыдан залалдың өтелуін талап ету құқығы туындайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабына
сәйкес, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық
142
өтелуін талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе
жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе
зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы
бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына
болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған
пайда) залалдармен түсініледі (4-тармақ). Ал моральдық нұқсан
Азаматтық кодексте көзделген залалдардан тыс өтеледі(352-бап).
Достарыңызбен бөлісу: