135
5. Тағы да саяси құқықтың ішіндегі маңыздысы Қазақстан
Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға,
жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер
өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бірақ, бұл
құқықты пайдаланған кезде мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық
тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау мүдделері заңмен шектелуі мүмкін
(32-бап). Осы тәртіпті бұзған кінәлі адамдарға әкімшілік не
қылмыстық жаза қолданылуы тиіс. Ал оның ұйымдастырушысына,
егер де оған бұдан бұрын әкімшілік жаза тағайындалған болса,
бас бостандық еркінен айыру туралы ауыр жаза тағайындалуы
жөн. Бұл жерде әртүрлі нысандағы саяси құқықтың мазмұны
– азаматтардың бірігіп, ақылдасқан ойларын ашық түрде
жариялап, қойған талаптарын іске асыру үшін мемлекет немесе
қоғамдық органдардың қызметтеріне өз ықпалдарын тигізу.
Сөйтіп, азаматтар осылайша мемлекет ісін басқаруға қатыса
алатындығын көрдік.
6. Мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтығы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының
4-тармағына сәйкес Республика азаматтарының мемлекеттік
қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші
лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымды
міндеттердің сипатына ғана байланысты және оны заң белгілейді.
Мемлекеттік қызметке кірудің құқықтық реттілігінің
демократиялық мәнділігі Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 23-шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы » заңында
өз орнын тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: