Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Әлеуметтік - экономикалық құқықтар мен



Pdf көрінісі
бет39/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136
4.8.Әлеуметтік - экономикалық құқықтар мен 
бостандықтар.
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Олардың қатарына жататындар өте көп. Мысалға, меншік 
иесі  болу,  еркін  еңбек  ету,  қызмет  саласы  мен  кәсіпті  еркін 
таңдап  алу,  қауіпсіздік  пен  гигиена  талаптарына  сай  келетін 
еңбек жағдайына ие болу, т.б. құқықтарды айтсақта жеткілікті.
1.  Әлуметтік-экономикалық  құқықтардың  ішіндегі  ең 
маңыздысы  меншік  құқығына  ие  болу.  Оның  өзі  адамның 
экономикалық  жағынан  тәуелсіз  болуына  әкеліп  соғады. 


136
Сондықтан  меншік  құқығын  адам  мен  азаматтың  құқықтық 
жағдайының экономикалық негізі деп қарауға әбден болады. 
Меншік құқығының мазмұнына субъектінің өз қалауынша иелену, 
пайдалану және оған билік ету құқығы кіреді.
Осы құқықтардың арасында ең бастысы жерді қосқанда 
жеке меншік құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы аса 
маңызды болып табылады. Сірә, кезінде   Г. Гегельдің былай деп 
айтқаны дұрыс шағар, адам өзін тұлға ретінде жеке меншікке 
ие болғаннан кейін ғана таниды. Нақ осы жеке меншік елдің 
экономикалық дамуындағы аса қуатты ынталандырушы жәйт 
болып табылады. Осы құқықтарды белгілей отырып Қазақстан 
Республикасының Конституциясы оларға кепілдік береді.
Атап айтқанда, «Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен 
айыруға болмайды. Тіпті, төтенше жағдайларда мемлекет мұқтажы 
үшін  мүліктен  еріксіз  айыру  заңда  көзделген  тәртіппен  осы 
мүліктің орнын толтыра отырып, құнымен бағамен өтелген кезде 
жүргізілуі мүмкін» (26-бап,3-тармақ).
Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы жеке меншік құқығымен 
тығыз байланысты. Мұндай құқық  нарықтық экономиканың 
құқықтық  базасы  ретінде  көрінеді.  Мемлекет  арам  ниетті 
бәсекелестік  пен  монополияға  жол  бермеуге  мүдделі.  Арам 
ниетті бәсекелестік дегеніміз – бәсекелестік күресті заңсыз және 
әділетсіз әдістермен жүргізу. Алайда, бәсекелестіктің болмауы 
экономикалық және технологиялық процесті тежейді. Шағын және 
орта бизнес белсенділігін төмендетеді. Бағаның жоғары болуына 
итермелейді. Жосықсыз бәсекеге Конституция тыйым салады 
(4-тармақ), өйткені ол азаматтар үшін баға туралы келісімдер 
жасаудан (жоғары бағаны ұстап тұру үшін), рыноктарды бөлісуден, 
рыноктан басқа кәсіпкерлерді тайдырудан теріс көрініс табады.
Кәсіпкерлік қызмет – дегеніміз дербес ынталы қызмет, ол 
пайда алу немесе жеке табыс үшін өз атынан жүргізіліп, қаупін өзі 
көтереді, сондай - ақ өзінің мүліктік жауапкершілігі мен жүзеге 
асырылады. Кәсіпкелік қызметті бір адам жеке немесе басқа 
адамдармен бірлесіп, жалдамалы еңбекті қолданып та немесе 
оны қолданбай да жүргізе береді (бірінші жағдайда заң жеке 
кіріс туралы ескерсе, екінші жағдайда пайда туралы айтылады). 
Сөйтіп,  жоғарыдағы  тұжырымдарды  қорыта  айтқанда 
кәсіпкерлік  қызмет  деп  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық 
Кодесінің  10-бабының  1-тармағына  сәйкес,  меншік  түріне 


137
қарамастан  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың,  тауарларға 
(жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда 
немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке 
кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару 
құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметін 
түсінеміз. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел 
етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 34-бабына 
сәйкес өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді 
көздейтін  ұйымдар  коммерциялық  ұйымдарға  жатады.  Олар 
мемлекеттік  кәсіпорын,  шаруашылық  серіктестік,  өндірістік  
кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
2. Әлеуметтік саладағы өзекті қағида еңбек бостандығына 
еріктілік болып табылады. Мәжбүрлеп еңбек еткізуге тек қана 
соттың үкімімен немесе төтенше жағдай кезінде немесе соғыс 
жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік және тазалық 
талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбек ету үшін нендей бір 
кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік 
қорғалуға  құқығы  бар.  Бұл  орайда  мемлекет  жалақының  ең 
төменгі деңгейіне және зейнетақы мөлшеріне жасы бойынша, 
науқастығынан,  мүгедек  болған,  асыраушысынан  айырылған 
жағдайда  және  заңмен  белгілейтін  басқа  негіздер  бойынша 
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Әлеуметтік 
қамсыздандыру құқығы субъектілерінің қатарына зейнеткерлер, 
мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар, уақытша еңбекке 
жарамсыз  болып  қалған  адамдар  (ауруына,  жарақаттануына 
байланысты) жатады.
Еңбек ету құқығына Республика азаматтарының мемлекеттік 
қызметке кіруге тең құқығы жатады. Бірақ  оны азаматтардың 
саяси  құқықтарында  сөз  еткен  едік,  себебі  өзінің  мәні  және 
алатын орны жағынан ол азаматтардың мемлекеттік ісін басқаруға 
қатысу жөніндегі мәселенің жалғасы болып есептелінеді.
3. Білім алуға құқықтылық (30-бап). Қазақстан Республи-
касында білім алудың біренше жолы бар. Біріншіден, азамат-
тардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына 
кепілдік  беріледі.  Ол  дегеніміз  жасөспірім  балалардың  орта 
білім  алуға  міндеттілігі.  Екіншіден,  азаматтың  мемлекеттік 
жоғары оқу орнында конкурстық негізінде тегін жоғары білім 
алуға құқығы бар. Ал жеке меншік оқу орнында ақылы білім 


138
алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге 
асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің жалпыға 
міндетті нормаларын белгілейді. Кез келген оқу орнының қыз-
меті сол номаларға сай болуы керек.
4. Тұрғын үйге ие болуға құқықтылық. Қазақстан Республи-
касында тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасала-
ды – делінген еліміздің Ата Заңында (25-бап, 2-тармақ). Заңда 
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен 
белгіленген мөлшерге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан 
беріледі.  Немесе,  олардың  Банкіден  несиеге  қаржы  алып,  өз 
күштерімен тұрғын үй тұрғызуларына да болады. Тұрғын үйді 
жекешелендіру  де  оған  ие  болудың  бір  жолы.  Осы  құқықты 
іске асырудың өзі мемлекет тарапынан берілетін кепілдік пен 
ұштасып  жатқандығын  сезінеміз.  Мысалы,  тұрғын  үйге  қол 
сұғылмайды,  -  деп  Конституцияда  көрсетілгендей,  мемлекет 
соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабына 
сәйкес  мемлекет  шығармашылық  еркіндігіне  кепілдік  береді 
(әдеби, көркем, ғылыми және басқа да шығармашылық). Оның 
үстіне интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады. Ол сондай-ақ 
азаматтардың мәдени өмірге қатысуына және мәдени мекемелерді 
пайдалануына (демалыс үйлері, театрлар, кітапханалар, мектептер 
және мәдени құндылықтарға қол жеткізетін басқа да орындар) 
құқығын  баянды етеді.
6.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  денсаулық 
сақтауға және медициналық көмек көлемін тегін алуға хақылы 
дегеніміздің өзі айналадағы ортаны қорғау жөніндегі құқыққа 
тығыз байланысты. Өйткені мемлекет адамның өмір сүруі мен 
денсаулығына  қолайлы  жағдайлар  жасамайынша  Республика 
азаматтарының денсаулықтары мен медициналық көмегін тегін 
алуына кепілдіктермен қамтамасыздандару қиынға соғатынын 
еске салғанды жөн көрдік. Демек, азаматтардың денсаулықтарын 
қалпына келтіру, емдеу мемлекеттің міндетті. Ол үшін мемле-
кеттің тиесілі емдеу профилактикалық мекемелері, курорттар, 
санаторийлер, т.б. емдеу сауықтыру орындары бар. Конститу-
цияның  29-бабында:  «Мемлекеттік  және  жеке  меншік  емдеу 
мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық жәрдем алу заңда 
белгіленген  негіздер  мен  тәртіп    бойынша  жүргізіледі».  Сөз 
соңын Конституцияның 31-бабының 2-тармағымен бітіргенді 


139
жөн көрдік. Онда: «адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер 
төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың 
заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген. 
Адам мен азаматтың Қазақстан Республикасында айтыл-
ған  әлуметтік-экономикалық  және  мәдени  құқықтары  мен 
бостандықтарының мазмұны осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет