227
Қылмыстың және өзгеде құқық бұзудың алдын алу, айғақтау,
кесу;
Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын ала
тергеу жүргізуді жүзеге асыру;
Әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу;
Қылмыстық және
әкімшілік жазаларын орындау;
Бас бостандығынан айырған және әкімшілік күзетпен ұста-
ған жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ерекше
режимді сақтау;
Кәмелетке толмағандардың панасыздығын және құқық
бұзуын
айғақтау және болдырмау;
Жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау
жасау;
Төлқұжат және визалдық жұмыстарды іске асыру, шетел
азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
аумағында болу ережелерін
сақтауына бақылау жасау;
Заң белгілеген
басқа да міндеттер;
Ішкі істер органдарының қызметі жалпы құқыққорғау
қызметіне тән мынандай принциптерге құрылған:
Заңдылық, дара басшылық, біржүйелілік, жариялық, басқа
құқыққорғау органдарымен өз ара қарым-қатынас, ұйымдары
мен және азаматтармен бірлесіп қызмет істеу.
Ішкі істер органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін депертаменттер
және өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағындырылған
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және
республика астанасының ішкі істер басқармалары, көліктегі
қалалық, аудандық, қалалардағы ауандық,поселкелік, жол ішкі
істер органары, мекемелер және басқа ұйымдар құрайды.
Бүкіл жүйені ішкі істер министрі басқарады, ол әрі ішкі істер
министрі басқарады, ол әрі ішкі әскерлердің қолбасшысы болып
есептеледі. Оны Пример-министрдің ұсынымы бойынша еліміздің
Призиденті тағайындайы. Министр бағынышты ведомстоваларға
жалпы басшылық етеді.
Қазіргі кезде ішкі істер органдарының жүйесінде: кри-
миналдық полиция, әкімшілік полициясы және өзге де қызмет
полициялары, сондай-ақ әскери-тергеу органдары және Ішкі істер
министрлігінің әскери құрама мәртебесі бар әскери полициясы
бар.
229
Бұдан біз ішкі істер органдар қызметінің көпқырлы
және қоғам өмірінің толып жатқан салаларын қамтитынын
көреміз. Олардың сандық құрамы-құқыққорғау органдарының
ішіндегі көбі. Сондықтан кадыр құрамына мұнда әрекеті етуге
болады. Соған қарамастан ішкі органдарына қызметке алу
үшін қойылатын талап бірдей деседе болады. Олар: Қазақстан
Республикасының азаматтығы; жеке бастың мороальдық,
іскерлік, біліктілік қасиеттері; денсаулық жағдайы және дене
тәрбиесінің жетілділігі; қызметке сай білім деңгейі ( әдетте
жоғары немесе заңгерлік орта білімінің болуы); жас шамасы
18-ден кем болмауы керек.
Қатардағы және кіші басшылық құрамына 32 жастан
аспайтын, орта және басшылық құрамына 40 жастан аспайтын
азаматтар қабылданады.
Ішкі істер органдарының қызметіне бұрын сотталған және
қылмыстық жауапкершіліктен ақталмаған себептерден боса-
тылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары
үшін шығарылған адамдар қабылдамайды.
Ішкі істер органдарында қызмет ету оның қызметкерлеріне
белгілі дәрежеде шектеу қояды. Мәселен, олардың қызметі
оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық жұмыстарды
қоспағанда, депутаттықпен, қандай да бір ақы төленетін
жұмыспен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйым-
дардың басшылық органына немесе бақылау кеңесіне мүше
болумен сыйыспайды. Олардың ереуілдер ұйымдастыруына,
оларға қатысуына тыйым салады, партияларға, кәсіподақтарға
мүше болуына, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлеуіне
рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: