277
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика
Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері
де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған
сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен
жөн. Осыдан шығатын қорытынды,заң неке-отбасы заңдарымен
реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік
емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын
(5-бап) арнайы атап көрсетеді. Азаматтық Кодексті қолдану заң
ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін,мұның
өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
(«Неке және отбасы» Заңның 3-бабы) Қазақстан Респуб-
ликсының неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негіз-
делетінін белгілейді:
1) Еркек пен әйелдің
некелік одағының еріктілігі;
2) Ерлі – зайыптылардың отбасындағы құқықтарының
теңдігі ;
3)отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына
жол берілмеушілік;
4)отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5)балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру,
олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6)отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз
мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық
беру;
7)отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге
асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қарауының
мүмкіндіктері;
Достарыңызбен бөлісу: