Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет87/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

 Некенің жарамсыздығы
Заңмен  белгіленген  шарттар   бұзылған  жағдайда   неке 
жарамсыз  деп танылады . Сондай –ақ   жалған   неке ( “Неке 
және отбасы  туралы”   Заңның   24- бабы)    жарамсыз  деп  та-
нылады  .  Белгіленген  заң тәртібімен   тіркелсе де, ( отбасын  
құру    ниетінсіз      заңда      белгіленген      тәртіппен      жасалған  
және    ерлі  –  зайыптылардың      құқықтары      мен  міндеттерін    


280
туғызбайтын  неке ), ( заңының  1 – бабы )  жалған  неке   деп 
танылады  .    Некеге    тұру    фактісінен  көрінетіндей,    жалған    
неке    кейбіреулердің    бас пайдасы үшін    ғана   жасалады (мы-
салы,  қалада   тіркеуге   тұру үшін,  армия қатарына шақырудан  
жеңілдік  алу  үшін  т.б.).
Мәжбүрлеп   қиылған неке   жарамсыз   деп   танылуы 
мүмкін.
Некені   жарамсыз  деп тану    туралы  талап  қоюға   құқығы 
бар   адамдар  (“Неке  және отбасы  туралы ” Заңның   -  бабында  
аталған ).
Некені    жарамсыз  деп тану    туралы   талап  қоюға    жұ-
байлар,  прокурор,  қорғаншы   және    қамқоршы  органдар,   
сондай –ақ   осы   некені  тіркеу  кезінде   құқығы  бұзылған  
басқада адамдар  құқылы.
Неке  жасы  жөніндегі   шарт  бұзыла отырып   қиылған  неке   
кәмелетке   толмаған   адамның   ата-анасының,  қорғаншысының   
(қамқоршының  ) және прокурордың   талап  қоюымен    жарамсыз 
деп   танылады.   Егер  кәмелетке    толмағандардың  ісін  қорғау    
кезінде   жұбайы    он сегіз  жасқа  толса,   онда  неке  тек  соның   
өзінің    талабы  бойынша   жарамсыз  деп танылады.
Заңның   некені  жарамсыз   деп тануға   қатысты   ережелердің 
негіздерін  атап  көрсетуге  болады  (“Неке   және   отбасы  ту-
ралы ”Заңның  5   - тарауы, 24-27 - баптары ).
Біріншіден, некені  жарамсыз  деп тануды  сот  қана   жүргізе-
ді.
Екіншіден,  егер  некені  жарамсыз    деп  тану  туралы  іс 
қаралатын  сәтте заңға  орай оның  қиылуына  кедергі  жасаған  
мән – жайлар  жойылса, некені жарамсыз деп  тануға  болмайды. 
Мысалы, ері некеге  тұру  кезінде  басқа   әйелімен  некелескенін  
жасырған  жағдайда, істі сот   қарағанға дейін  ол өзінің   бірінші  
қиылған  некесін бұзып,   ажырасып   үлгере  алады .
Үшіншіден,  некені  жарамсыз  деп тану  осы некені қиюдан  
туындаған  ерлі-зайыптылардың  барлық  жеке  және мүліктік   
құқығының,    сондай  –  ақ,    (“Неке    және      отбасы    туралы  ”   
Заңының    27-бабында)    қарастырылған    басқа    да  құқықтық   
салдарларының  жойылуына әкеп соғады.
Алайда ,  некені  жарамсыз  деп  тану  осы  некенің қиылуы  
нәтижесінде  туған  немесе   некені  жарамсыз  деп  танығаннан   
кейінгі    270    күннің    ішінде    туған  балалардың      құқығына  
нұқсан   келтірмейді.


281


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет