Нуржігіт Алтынбеков
134
толқынына, мұхиттың кеңістігіне, жұлдыздардың ағуына тамсана қарап, сонымен
қатар өз-өздерін ұқыпсыз қалдырады?» - деген Августин сөздері, әрине, әр
адамды толғандырады. Философиядағы шынайы мәселе - ол Ғарыш емес, ол -
адам. Құпия - Дүние емес, ол - біз. «Қандай сыр жатыр адамның ішінде! Сен,
Жаратқан, адамның басындағы шаштың санына шейін білесің, сенсіз оның бірде-бірі
түспейді. Сонда да адамның шашын есептеу - оның жан-дүниесіндегі іңкәрлері
мен... қобалжуына, шайқалуына қарағанда анағұрлым жеңіл», - дейді ұлы ойшыл.
Августинді адам мәселесі өзінің жалпылығымен емес, керісінше,
нақтылығымен кызықтырады. «Мен өзім өзіме үлкен мәселеге айналдым», - дейді
ойшыл. «Мен өзімдегі барды қамти алмаймын», - деп ол қынжылады.
Өзінің «Сыр шерту» деген еңбегінде Августин еш нәрсені жасырмай, өзінің жан
дүниесін толығынан сыртқа шығарады, өз ішіндегі талай қайшылықтардың
қаншама зардап әкелгенін, соларды шешу жолында қалайша Құдайды мойындағаны
жөнінде айтады.
Августин адамның терең қайшылығын оның еркінен көреді. Ол Құдайдың
еркімен көп жағдайда сәйкес келмейді. Осы қайшылықты аңғару адамнын өзінің
«Менін» ашуға көмектеседі.
Августинге Христиан дініндегі құдайдың үш кейіптігі зор әсерін тигізді. Егер
адам Құдайға ұқсатып жаратылған болса, онда онын тұлғасында осы үштікті табу
керек. Олар - біздің өмір сүріп ясатқанымыз, болмысымыз, біз өмірді сүйеміз. Және
біз айнала қоршаған ортаны танып-біле аламыз. Сонымен өмір сүру, білу, адам
болмысының үш жағы, олай болса, біздің жан-дүниемізде Құдай бейнеленеді.
Ақиқат және оған жету мәселесі
Августин философиясында ақиқат - жан-дүние мен Құдайды бір-бірімен қосатын
ұғымдардың бірі. Таным үрдісі түйсіктерден басталады. Қоршаған заттар біздің
сезімдерімізге өзінің әсерін тигізеді, ал жанымыз олардың бәрін белгілі бір тәртіпке
|