Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі



Pdf көрінісі
бет109/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   692
Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі 
Осы кезде пайда болған жаңа ілім - неоплатонизм платонизмнің іліміне жаңа 
тыныс беріп, «идеялар әлемі» мен «жердегі әлемді», «Эманация» ұғымы арқылы 
қосты (еmаnаtіо - лат. сөзі-тасу, ағу, тарау). Ілімнің негізін қалаған - Плотин. Сатылы 
болмыстың ең биігінде Бір игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге 
болмайды, оған тек құдіретті экстаз жолымен ғана жетуге болады (ехіаsіs - грек сөзі, 
ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой елегінен тыс тікелей аңғару). 
Бір игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-тасып, 


Нуржігіт Алтынбеков 
131 
эманациялайды (ағады). Сол себептен Дүниеге таза болмыс - ақыл (нус) әлемі келеді. 
Ол да шеңберінен шығып, жан-дүние (псюхе) әлемін тудырады. 
Плотиннің жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ой Платонның «идеялар әлеміне» тең 
келеді. 
Жанға келер болсақ, дүниежүзілік ақыл-ой соншалықты жетілген әлем болғаннан 
кейін, басқаны тудырмай қоймайды, ол жан әлемін дүниеге әкеледі. 
Ал жанның өзі барлық тіршілікті Дүниеге әкеледі, жердегі, судағы, аспандағы ма – 
бәрі дүниежүзілік жанның туындылары. Аспан пен күнді де тудырған - сол жан. 
Сонымен жан-дүние материяны жарып өтіп, оған мән-мағына, құндық, әсемдік береді. 
«Жан-дүниесіз материя - күңгірт тұңғиық, өлі, мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың 
өздері де корқады», - дейді Плотин. 
Қорыта келе, біз неоплатонизм ағымының философиялық ой елегінен гөрі діни 
шеңберіне қарай жылжып бара жатқанын байқаймыз. Эманация жөніндегі ой-пікір осы 
дінге карай козғалыстың айғағы. 
§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі.
(раtrіs - лат. сөзі, - әке). 
Патристикалық философияның негізгі мақсаты христиан дінінің қағидаларын 
белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасауда болды. Ертедегі Грек 
философиясындағы ерікті ой елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни 
философияның мақсаты Библияның негізгі кағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне 
келіп тіреледі. 
Патристикадағы онтологиялык (болмыс) мәселелері Құдайдың төнірегінде 
қаралады. Патристика монотеизмді (бірқұдайлықты) қорғайды, көне замандағы 
көпқұдайлыққа карсы шығады. 
Құдай идеясы патристикада, бір жағынан, толық игілік, әділеттілік, құдіреттілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет