Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет147/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
173 
туысқандық шеңберден шығып, әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір 
руға, басқа жерден келген адам кабылдануы мүмкін, кейбір топтар сол тайпаның 
қарамағына бассауғалап, жан сақтап кіруі мүмкін т.с.с. 
Алғашқы сатыдағы адамдардың қарым-қатынастары теңдікке негізделген, өйткені 
онда материалдық игіліктерді бөлу мәселесі күн тәртібінде жок, артық құндылықтар 
әлі өндірілмейді. Тайпаның көсемдері басқару ісімен айналысады. Ибн-Халдунның 
ойынша, басқарудың өзегінде болашак теңсіздіктің ұрығы жатыр. «Өйткені бір-
бірімен тең адамдарды тайпа көсемі өз еркіне көндіріп, тыңдамағандарға зорлык-
зомбылық жасауы қажет. Сонымен басқарудың өзегіндегі ұрық бірте-бірте өсіп, күш 
ала бастайды. Ең алғашқы көсемнің ізімен бірге ерікті жүру бірте-бірте соның еркіне 
көнуге айналады. Ол пайда болған биліктен алдағы уақытта көсем ешқашанда бас 
тартпайды, керісінше, оның мәртебесін өсіруге тырысады», - дейді Ибн-Халдун. 
Жоғарғы айтылған үрдістер жаңа мүлікке негізделген қатынастардың пайда 
болуына әкеледі. Біз бұл жерде бізге жақсы таныс арабтың «мүлік» деген сөзінің 
этимологиясын ашуымыз керек. Бұл сөз біздің сөздікке араб тілінен енген. Бізге 
таныс мүлік, байлық, меншік деген мағынасынан тыс араб тілінде бұл сөздің 
екінші мағынасы бар. Ол - билік. Түрік тілінде де бұл сөздердің мағынасы бір-біріне 
жақын: «бай», «би»; орыс тілінде де «власть», «владеть» деген сөздердің түп-тамыры 
бір. Сонымен Ибн-Халдун «мүлік» деген сөздің екі мағынасын «байлык-билік» 
ретінде бірге колданады. «Мүліктің иесі адамдарды өз еркіне көндіріп, қазынаға ақша 
жинайды, басқа елдерге елшілік жіберіп, шекараны қорғайды». Мүлік 
қатынастары, қорыта келе, байлықтың қайнар көзі ашылып, артық нәрселер пайда 
болған кезде келеді. Ол артық байлықты бөлу кезінде тайпаның көсемі қолындағы
билікті өзінің мүддесіне жаратып, толығымен пайдаланады, жанындағы туыстарын 
алыстата бастайды, өйткені олардың жүрегінде көреалмаушылық пайда болса, 
көсемде қызғанушылық сезімі пайда болады. 
Тайпалық шенберінде пайда болған теңсіздік сыртқа қарай бағытталып, басқа ру-
тайпаларды соғыс, я болмаса қорқытып көндіру арқылы жүре бастайды. Ал мұның өзі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет