Нуржігіт Алтынбеков 172
аркылы береді: бірінші сатысы - «Бидави», екіншісі «Хидари». Бұл сөздердің
этимологиясын (алғашқы берілген мағынасын) карасақ, онда Бидави көшіп-кону,
ауылдык, алғашқы деген мағына береді. Ал Хидари болса, ол — қалалық, астаналық
деген мағынада.
Егер бидави сатысында адамдар мал бағу және егін егумен айналысса, Хидари
сатысында оларға колөнерлік, сауда, ғылым мен өнер ұсынылады.
Алғашқы бидави сатысынан Хидари (цивилизациялык) сатысына өтудің негізгі
себебі - өндіріс дамып, қажеттіліктен артық заттардың пайда болуы.
Қажеттіліктен артык өңдіру қымбат бағалы заттарды тудырып, соған ие болуға
тырысуды әкеледі. Қымбат киім, тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал
соңғылардың өзі колөнерді әрі карай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына
әкеледі (Теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әр түрін жасау, алтынды,
қымбат бағалы тастарды өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.)
Сонымен қатар молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, ғылым тез дами
бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.
Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектеліп коймай, мәселенің
екінші жағын көрсетеді. Ол - алғашкы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке
көшу мәселесі. Бүл процесті ол екі ұғыммен (косымша) береді. Олар - «асабийя»
жэне «мульк». Бұл ұғымдар арқылы ойшыл коғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне
көтеріледі.
«Асабийя» ұғымының этимологиясын ғалымдар «рух», «бірігу», «ұлттық сезім»
ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден құрылған. Біріншісі - «асаба» (топ) және
«асаб» (байлау). Ибн-Халдун бұл ұғымды «ру бірлігі», «тайпа бірлігі» ретінде
колданды. Екінші мағынасы - сол белгілі әлеуметтік топтағы адамдарды бір-бірімен
қосатын байланыстар.
Ибн-Халдун
алғашқы
әлеуметтік
байланыстар
рулық-қандық
екенін
мойындағанмен, оның сыртындағы материалдық қажеттіктер, қауіп-қатерден
сақтанудың маңызын көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік топтардың құрамы рулық,