Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет150/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
176 
экономиканы күйретеді. Мемлекеттің соңғы сатыларында мораль саласында 
азғындаушылық ашық көрінеді. Адамдар бұзылып, бір-бірін алдайды, бір-біріне 
жау сияқты қарайды, кулық-сұмдык кең етек алады. Соның бәрі тек байлыққа жетуі 
үшін жасалады», - дейді Ибн-Халдун. 
«Егер адамдар үйлерінің алдына жеміс ағашын отырғызбай, кипарис отырғызса, 
онда — ол болашак күйреудің нышаны. Өйткені кипаристің жемісі де, жаксы иісі де 
жоқ, оның тек әсем түрі ғана бар», - деп ой салады Ибн-Халдун. 
Сонымен Ибн-Халдунды ұқыпты оқыған адамға бүгінгі тандағы болып жатқан 
күрделі үрдістерді жете түсінуге жол ашылады. 
Ибн-Халдун сонау көне замандағы ой-пікірден бастап, біздің заманға дейінгі 
біршама коғамды терең зерттеп, өзінің артына мол өшпес із қалдырған. Ол - казіргі 
«әлеуметтік философия мен саясаттанудың атасы» деген заңды биік баға берілген 
тұлға. Біз оған толығымен қосыламыз. 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
Орта ғасырлар адамзат тарихының қай уақыттарын алады? 
Монотеизм дегеніміз не? 
Креационизм дегеніміз не? 
Антропоцентризм дегеніміз не? 
Алғашқы тектік күнә дегеніміз не? 
Манихейлік діннің негізгі қағидалары қандай? 
Августиннің болмысының пайда болуының үш жолын айтыңыз. 
Августиннің зұлымдықтың себебі жөніндегі ойлары. 
Неоплатонизмнің Эманация ұғымының маңызы неде? 
Номинализм мен реализм универсалияларға (жалпы ұғымдарға) қалай қарайды? 
Фома Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеу жолдарын есіңізге түсіріңіз. 
Фома Аквинскийдің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойы. 
У.Оккамның ұстарасы деген не? 


Нуржігіт Алтынбеков 
177 
Аль-Киндидің философиялық көзқарасы. 
Әл-Фарабидің онтологиялық ілімі. 
Әл-Фарабидің актуальды интеллект дегені не? 
Әл-Фарабидің надандық қала түрлерін есіңізге түсіріңіз. 
Игілік қала түрлерін есіңізге түсіріңіз. 
Әл-Фараби елбасының кандай қасиеттері туралы айтады? 
Ибн-Синаның өмір сүру мен мән-мағына жөніндегі ілімі. 
Ибн-Рошдтың потенциалдық интеллектін калай түсінесіз? 
Ибн-Халдунның коғам жөніндегі пікірі қандай? 
Ибн-Халдун мемлекет пен цивилизацияны біріктіретін нәрсені неден көреді? 
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы жөніндегі ілімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет