Нуржігіт Алтынбеков 227
ойлау арқылы біз Құдайдың шексіздігі мен мәңгілін аша аламыз, - дейді Дж.Локк.
Гносеологиялық мәселелер Өзінің таным теориясында Дж.Локк сезімдік танымды (сенсуализм) білімнің
кайнар көзіне жатқызады. Сондықтан ол «адаммен туа біткен идеялар» жөніндегі
ағымдарды сынға алады. «Егер біз қандай да болмасын білімнің пайда болған
жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», - дейді Дж.Локк. «Туа
біткен білімді» сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып койған
қоғамдардағы адамдардын психологиясындағы ерекшеліктерге өз назарын аударады.
Мысалы, «бүтін бөлшектерден үлкен» бұл идея салыстырмалы және тәжірибеден
туады. Ал «тепе-теңдік» заңымен «кайшылық заңын» алсақ, балалар бүл заңның не
екенін білмейді. Бұл заңдар біздің жан-дүниемізге туа бітсе, онда оны сәби де, жас
жеткіншек те білер еді ғой, - дейді Дж.Локк.
Дж.Локктың ойынша, қайсыбір білім, идеяның негізінде тәжірибе жатыр. Ол
саналы, иә болмаса бейсаналы жолмен біздің рухани өмірімізде жиналуы мүмкін.
Сондықтан біздің жан-дүниеміздегі неше түрлі ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер
бізбен бірге туа келмейді, ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады.
Ұғымдар сиякты, моральдық нормалар да шынайы өмірде бірте-бірте
қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмірдің өзгерістеріне сэйкес өзінің мән-
мағынасын жетілдіріп отырады. Әртүрлі халықтардың моральдық нормалары, әдет-
ғұрыптары бір-біріне ұқсас емес, бүл деректердін өзі бүкіл адамзатқа тән туа біткен
моральдык құндылықтардың жок екенін көрсетеді. Адамдардың ізгілікті,
жаксылықты жақтауы оның туа біткенінен емес, негізінен, онын пайдалығында
жатыр, - дейді Дж.Локк.
Сонымен егер адамның жан дүниесінде ешкандай туа біткен идеялар
болмағаннан кейін, оны «таза тақта» (tabula rasa) ретінде қарауға болады. Адам
өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын