Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет198/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
228 
тәжірибені Дж.Локк сезімдік тәжірибе (sensation) дейді. 
Ал адамның ішкі рухани өміріндегі тебіреністерді, неше түрлі қиял, идеяларды 
қайда жібереміз? Әрине, Дж.Локк оларды теріске шығармайды. Ол оның бәрін терең 
ішкі тәжірибе, сезім, ой-өрісі ретінде қарайды да, оған рефлексия (reflection - 
бейнелеу) деген ат береді. Егер сыртқы тәжірибеден алған идеяларға біз көзбен көру, 
құлақпен есту, иісті сезіну т.с.с. арқылы келсек, ішкі тәжірибе адамның өзінің ішкі 
ой-өрісін талдау арқылы келеді. 
Ал енді осы екі тәжірибенің қарым-катынасы қандай? Әрине, уақыт тұрғысынан 
алғанда, сырткы тәжірибе алғашқы, әсіресе адамның сәбилік және жастык 
уақытында, негізінен, сыртқы тәжірибе басым болып, оның психологиясының 
қалыптасуына шешуші рөл атқарады, әрі карай жүре келе, адамның әлеуметтік 
құрылымындағы орнына байланысты оның ішкі тәжірибесі: оның Дүние жөніндегі 
ойлары, үміті, күмәні, сенімі, куанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбір 
адамдардың ішкі рухани өмірі ерте, кейбіреулерде өте кеш оянады. Ал уақытында 
дамымай қалып, надандықтың шеңберінен шыға алмағандардың тіпті ішкі өмірі 
оянбауы да мүмкін деген ойға келеді Дж.Локк. Мұндай терең пікірмен, жалпы 
алғанда, толығымен келісуге болады. 
Сонымен қатар Дж.Локк терең ойшыл ретінде бұл мәселеге біржақты ғана қарап 
қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, ішкі тәжірибенің дербес өмір сүре алатынына да 
біздің назарымызды аударады. Өйткені ішкі тәжірибе тұрақтылығы мен өзінің 
мәнділігі жағынан дербес өмір суре алатын дәрежеге көтеріле алады. 
Екінші жағынан алғанда, адамның ішкі өмірінің қалыптасуына оның туа біткен 
табиғи дарындары да зор әсерін тигізеді. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы 
тәжірибеге тәуелді емес Және адамның іс-әрекетін , мамандығын таңдауда шешуші рөл 
атқарады. «Біркелкі тәрбие алған адамдардың әртүрлі қабілеттерінің бар екенін 
байкаймыз», - деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында біз 
сырткы тәжірибемен катар ішкі тәжірибені де дамытуымыз керек. Бұл пікірмен тағы да 
келісуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет