Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет195/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
224 
сана-сезімі әлі көмескі, іс-әрекеттері әлі енжар болып келеді. Оларға, негізінен, 
жануарларды жаткызуға болады. 
Үшінші бізге белгілі монадалар — адамдардың жан дүниесі. Бұл монадалардың 
есі, ойлау қасиеті, өзіндік сана-сезімі бар. 
Төменгі дәрежедегі монадалар жоғарылауға, келесі сатыға өтуге тырысады. 
Адамның жан дүниесін кұрайтын монадалардын өзі енжарлык сезімдіктен, ғылыми 
ұғымдар мен фантастикалық қиялдарға дейін өрбиді. Жоғарғы сатыдағы монадада 
төменгі сатылар сақталады. 
Олай болса, монадалар дамуының ең «соңғы» сатысы қандай болмак және олар 
қаншалықты адамның рухынан кашықтықта? 
Лейбниц бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес деген пікір айтады, өйткені 
жоғары дәрежедегі монадаларды төмендегілер танып-біле алмайды. Бірақ күмәнсіз 
бір нәрсе бар - Ғарышта жердегі адамдардан да жоғары дамыған тіршілік болуы 
мүмкін. 
Жалпы алғанда, монадалардың даму мүмкіндіктері шексіз. Ал шексіздіктін шеңбері 
жоқ, бірақ шексіздіктің өзін шеңбер ретінде қарасақ, онда біз Құдай идеясына келіп 
тірелеміз. Ол - шегіне жетіп, жетілген монада. 
Бұл идеялардың негізінде Лейбниц қоғам өмірін жақсартуға да бірте-бірте 
реформалар арқылы жетуге болады деген пікір айтады. Ал қайсыбір революция, 
негізделмеген терең төңкеріс қоғамды көп зардапқа әкелуі мүмкін. Әрине, 
Лейбництің бұл идеясында терең сыр жатыр, оны біз өзіміздің қоғамды жаңарту 
барысында есте сақтауымыз қажет. 
Гносеология (таным) мәселелері 
Лейбниц танымның терең негізін сезімнен тыс өмір сүретін зердеден көреді. Яғни 
ол Декарттың танымға деген көзқарасын қолдайды. Бірақ Декарттың зерделік «айқын 
және анық ақиқатына» Лейбниц қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар 


Нуржігіт Алтынбеков 
225 
қисынның «тепе-теңдік заңына» сәйкес келуі қажет. Содан кейін «қайшылық заңы» 
арқылы зерделік білімді тереңдетуге болады. Бұл - қажетті ақиқаттар, - оларды, 
негізінен, математика саласынан табуға болады, - дейді ұлы ойшыл. 
Әрине, бұған қарамастан, біз өмірден алған адамдардың тәжірибелерін де бағалап, 
пайдалануымыз керек. Бірақ қайсыбір тәжірибе - ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол 
болуы да, болмауы да мүмкін. Ол нақтылы деректер ақиқаты - әрқашанда жеткіліксіз, 
кездейсоқтық. 
Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшін біз «жеткілікті негіздеу 
заңына» сүйенуіміз керек, өйткені қайсыбір деректің, кұбылыстың себебі, негізі бар. 
Сол негізді аныктау бізді белгілі бір табиғат заңдылықтарына әкелуіге тиіс. Дегенмен 
тәжірибелік білім бізді тек қана әртүрлі деңгейдегі ықтималдық, болуы мүмкін 
нәрселерге ғана жеткізеді. 
Егер жан-дүние арқылы біз түйсіктерге (перцепция) сәйкес қабылдау дәрежесіне 
көтерілсек, рух аркылы біз өзіміздің танымдық мүмкіндіктерімізді талдай аламыз. 
Ақырында, өзімізді-өзіміз тану дәрежесіне көтерілеміз. Осындай адамның өзінің ішкі 
рухани өміріне тереңдеуін Лейбниц апперцепция дейді. Апперцепция - адамның 
дүниетануының шыңы, сананың белсенді қызметін көрсетеді. Егер танымдағы 
сенсуализм бағыты адамның білімі айнала қоршаған ортадан әрқашанда кем деп 
есептесе, Лейбниц, керісінше, адамның ішкі рухани білімі басым деген пікір айтады. 
Олай болса, Лейбниц сезімдік танымды толығынан ақыл-ойдан бөліп алып, 
анағұрлым төмен дәрежеде бағалады. «Өзімізді ойлау аркылы біз болмысты, 
субстанцияны, тұрпайылық пен күрделілікті, бейзаттық пен Құдайды ойлай 
аламыз», - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, шамасы, болашақ 
И.Канттың танымдық теориясына зор әсер етсе керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет