Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет20/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
21 
адамдардың күңгірт, тағы инстинкттерін оятатын үлгілерді) халықтың шынайы 
мәдениетіне, дүниетанымына үлкен соққы жасап отырғаны біздің алаңдатуымызды 
тудырады. Бұл да болса, біздің әлі жас ұлт екенімізді, солақай еліктеушілігімізді, 
басқару жүйесінде отырған көп азаматтарымыздың философиялық рухани тайыздығын 
көрсетеді. Ал мұның бәрі философияның «филологикалық» (рһіlео - сүю, lоgоs - сөз), 
«герменевтикалық» (һеrmenеutіс - грек сөзі, түсіндіру, мән-мағынасын ашу) жағын 
көрсетеді. 
Бұл айтылған пікір, әрине, аутаркиялық бағыт (аutarсіа - грек сөзі, өз-өзіне 
жеткілікті) ұстап, басқа дүниежүзілік қауыммен араласпай, өне бойы артқа, 
батырлық заманға қарау деген ой туғызбауы керек. Қазіргі шешуші уақытта, 
дәуірдің қойған талабына сай келу үшін біз болашаққа батыл қарап, ең алдымен 
ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген жаңа, экологиялық таза (еiсоs - грек 
сөзі, үй; lоgоs - ілім, жағалай қоршаған орта жөніндегі ілім) энергияны аз 
пайдаланатын технологияларды игеруіміз керек. Мұның өзі жеке адамның бас 
бостандығын, оның белсенді де шығармашылық деңгейге көтерілуін талап етеді. 
Бұл мәселелерді толығырақ оқулықтың әлеуметтік философия сұрақтарына арналған 
тарауында қараймыз. 
Сонымен жоғарыда айтылған ойлар, бір жағынан алғанда, философияның 
филологиялық, гуманитарлық жағын көрсетсе (рһileо — сүю; lоgоs — ілім), екінші 
жағынан, оның герменевтикалык (һеrmenеutіс- грек сөзі, түсіндіру, мән-мағынасын 
ашу) мәнін көрсетеді. 
Қорытындылай келе, философиялық Дүниеге көзқарастың мәнін ашу жолында 
біз оның көпқырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, 
философия ғылымменен ұштасып жатса, екінші жағынан, оның көркем өнермен, 
идеологиямен, гуманитарлық біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани 
құндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық. 
Әрине, әрбір үлкен тарихи философиялық тұлғалардың шығармашылығында 
олардың алатын үлестері әртүрлі, біреулерінде ғылыми жағы басым болса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет