Нуржігіт Алтынбеков 18
адамның өзінің де жан дүниесі, ішкі рухани өмірі де шексіз терең. «Өзіңді тани біл»
деген көне заманнан бері келе жатқан қағида әрқашанда мазмұнды болмақ. Сонымен
ішке және сыртқа қарай транцеденттік бір-бірін толықтырып, адамның қол астындағы
болмысты, жиналған тәжірибені аттап өтіп, Дүниенің ең терең жақтарын мистикалық
сезіммен қамтуында, адамның осы шексіз Дүниенің ажырамас тамшысы ретінде
сезінуінде жатыр. Транценденттеудегеніміз - ақыл-ойдың шеңберінен аттап өтіп,
дүниенің танылмайтын алғашқы негіздерін, өмір сүріп жатқан болмыстың құпиясын
іштей сезіну, өз болмысыңның Дүниенің терең жатқан сырымен біртұтастығын
сезіну. Бұл жағынан алғанда, философия діни сезімге жақындап, кейбір кезде діни философияға айналып кетуі мүмкін.
Философиялық білімді тек қана Дүние мен танымның ең жалпы
заңдылықтарына, универсалияларына теңеуге болмайды (universalis - латын сөзі,
жалпы ұғым).
Өйткені көне заманда бұл пәнге берілген аттың өзі - философия (рһilео - грек
сөзі, сүю, sорһіа - даналық) оның практикалық, өмірге лайықтылық жағын
көрсетеді. Шығыс пен Батыстағы философия бастауындағы тұлғаларды (қытайдағы
КонФуЦзы, Лао-Цзы, гректердің «Жеті данасы», парсы елінің Заратустрасын алсақ,
олар, негізінен алғанда, адам бұл тіршілікте қалай өмір сүруі керек, қандай
құндылықтарды сыйлауы керек, жақсылық пен зұлымдық, сұлулық пен түрсіздік
дегеніміз не, адам өмірінің мән-мағынасы неде? деген сұрақтарды қойып, соларға
жауап беруге тырысқан.
Шынында да, даналық дегеніміздің өзі білімділікпен тепетең емес. Оның өзегі -
адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын мыңдаған жылдардағы жиналған өмір
тәжірибесі мен моральдық құндылықтар мен ережелерінің біртұтастығында.
Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген, толымсыз
болмыстан тиістілік әлеміне ұмтылдырады. Қазақстанның белгілі ғалымы, профессор
К. Абишев философияның ерекшелігін оның ұсынатын бағыты болуға қажетті,
болуға лайықты, болуы мүмкін, тіпті болуы парыз нәрселерден көреді. Мұндай