Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет254/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
291 
Фейербах діннің ғасырлар бойы қалыптасқан екі формасын көрсетеді. Біріншісі - ол 
мистификацияланған (құпияланған, құдіреттелген) табиғат күштері. Екіншісі - ол 
адамның өзіне ұксайтын Құдай идеясы. Ол жөнінде Фейербах былай дейді: «Шексіз 
де құдіретті Құдайдың мәні дегеніміз — ол адамның өзінен бөліп алынып, ерекше өмір 
сүріп жаткан сиякты адамның рухани мәнінің өзі». Сонымен қатар Фейербах христиан 
дінінің езілген адамның рухани жұбатушысы ретіндегі кызметін көрсетіп, оны 
әшкерлейді. Оның ойынша, Құдайға сену - дүниедегі зұлымдыкты кұртуға 
бағытталған құралдар жөніндегі ойларды шетке шығарып тастайды. Адам бұл 
дүниеде іске аспайтын ынталарына бола, іске асыра алатын тілектерін аяққа 
басады. Олай болса, Фейербах: «Мен құдайды терістеймін, олай дегенім мен 
адамды терістеуді терістеймін», - деп, Гегельдің тілімен оның іліміне қарсы шығады. 
Өйткені о дүниені терістеу дегеніміз - бұл дүниені орнықтыру деген сөз. Жарқын 
болашақ - ол сенімге емес, адамның өзінің борышына жатады. 
Міне, енді біз Фейербахтың философиясының негізгі мәселесіне келіп тірелдік, ол 
- адам мәселесі. «Жаңа философия адамды және соның негізі ретіндегі табиғатты 
философияның ең негізгі универсалды пәніне айналдырады». Сондықтан біз 
Фейербахтың ілімін антропологиялық философия дейміз. Ол адамды, негізінен 
психо-физиологиялық пенде ретінде қарайды. Фейербахты неміс философтарының 
адамды тек қана рух ретінде түсінуі қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам, бір 
жағынан, материалдық дене болатын болса, екінші жағынан, — ойлайтын рух. Фейербах 
көбіне адамның табиғи-биологиялық жактарын қайта орнына келтіруге тырысады. 
«Мен» дегеніміз - ол ойлайтын рух қана емес, ол денесі мен ойлай алатын басы бар, 
нақтылы кеңістік пен уақыттың шеңберінде өмір сүріп жатқан тірі адамның өзі. 
Фейербах адамның негізгі мінездемесі ретінде оның сезімдігін келтіреді. 
Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігіне Фейербах болмыс пен сезімдіктің теңдігін 
қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана «сезінетін пенде ғана - шынайы ақиқатты 
пенде». Сезімдік болмыс деп Фейербах біздің санамыздан тәуелсіз өмір сүріп жатқан 
материалдық дүниені айтады. Олай айткан себебі, Дұниедегі материалдық заттар мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет