Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет255/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
292 
құбылыстардың өзіндік өміріне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрін 
тек қана адамға деген байланысы арқылы қарады, соңғының өзі сезімдік деректер 
арқылы адамға берілетіні сөзсіз. Екіншіден, адамның өзінің материалдығын, денелігін 
ойшыл сезімдік арқылы түсінеді. Адам түйсіктері мен сезімдерінің өзі - оның 
материалдық дене екендігін көрсететін бірде-бір дәлелдеме. Сонымен «мен» - 
сезімтал пенде, олай болса, дене адамның мәніне толық түрде кіреді. Егер табиғатты 
Фейербах өз болмысынан өзін айыра алмайды деп түсінсе, адам, өзінің мәнін 
болмыстан айыра алатын пенде. 
Фейербахтың сезімдік кағидасының гносеологиялық (танымдық) жағы да бар. 
Айнала қоршаған ортаны танып-білу сезімдік қабылдау, түйсіктер, аңдау арқылы 
жүреді. Оның айтуынша, тек сезімдік аңдаумен анықталған, бағытталған ойлау ғана 
шынайы Егер ойлау сезімдіктен алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзіп, өзінің 
шеңберінен шыға алмай адасады. 
Сезімдіктің тағы да бір аса мәнді жағы - оның ішіне қажетті түрде сүюдің енуі. 
Фейербахтың ойынша, «біздің сүймейтін, сүюге болмайтын нәрсеміз - ол жоқ» , «сүю 
жоқ жерде ақиқат та жоқ», «сүю - заттардың бізден тыс өмір сүруінің шынайы 
онтологиялық дәлелдемесі». Әрі қарай оз ойын жалғастырып, Фейербах сүюді 
іңкәрмен теңейді. Олай болса, тек іңкәр ғана - заттың өмір сүруінің анықтамасы. Тек 
іңкәрдің ұмтылған заты ғана ақиқатты. Фейербахтың бұл сөздерін субъективті-
идеалистік бағытта қарауға болмайды. Оның айткысы келгені - адам өзінің керек 
қылатын заттарына, өмірлік құндылығы бар құбылыстарға немқұрайлы қарамайды, 
ол оларды сүйеді, оларды игеруге, иеленуге тырысады, тек осы сәтте ғана олардың 
адамнан тыс өмір сүріп жатқаны оған айқын көрінеді. Егер ол өзі сүйетін, керек 
қылатын заттарға жете алмаса, ол онда қайғырып-қамығады, зардап шегеді. Оның 
өзі шынайы өмірде керек нәрсенің жоқтығын, оның біздің жан-дүниемізден тыс 
өмір сүретінін көрсетеді. 
Фейербахтың философиясында әлеуметтік, моральдық мәселелерге көп көңіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет