Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет250/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
287 
мүмкін. Сол сәтте-ақ басқа адамдар оларға бас салып: «Қалай? Қылмыскер сұлу ма? 
Қалайша бұлай ойлауға болады?! Шамасы, өздері де сол қылмыскерден артық емес 
шығар», - деп қорытады. Осы мысалды келтіріп, Гегель оны абстрактілі ойлау түріне 
жатқызады. Өйткені алаңдағы жиналған адамдар қылмыскерден оның тек қылмыс 
жасағанынан басқа ешқандай қасиеттерді көрмейді. Мұндай ойлау бітімін Гегель 
метафизикалық ойлау әдісі деп қорытады. 
Алайда абстрактілік - таным процесіндегі бір сәт қана. Таным ол сатыда тоқтап 
қалмай, одан әрі жылжып, нақтылыққа жетуі керек. 
Бізді айнала қоршаған ортаның өзін-ақ диалектиканың үлгісі ретінде қарауға 
болады. Өйткені дүниедегі қай зат болмасын шектелген, ол тұрақтылығымен қатар 
өне бойы өзгерісте, өтпелі. Оның ішіндегі жатқан өзінің қарама-қарсы өзгеше 
болмысының ұрықтары сол заттың ішкі қайшылықтарын тудырып, нақтылы қазіргі 
өмір сүріп жатқан болмысының шеңберінен тайдырып, оны ертелі-кеш басқаға 
айналдырады. Олай болса, диалектика - тек ойлау жолында ғана емес, ол бүкіл 
объективтік дүниеге тән нәрсе. Мысалы, шегіне жеткен абстрактілік құқ 
әділетсіздікке әкеліп соғады. Мораль саласынан Гегель мына накыл сөздерді келтіреді: 
«Тәкаппарлық құлдыраудың алдында жүреді», «Өте өткір нәрсе тез мұқалады» т.с.с. 
Диалектика жөніндегі өзінің терең ойларын Гегель былайша қорытады: «Еш жерде 
- аспанда, жерде, рухани өмірде, табиғатта болмасын, ешкандай ақыл-ойдың 
белгілейтін абстрактілі «немесе бұлай - немесе олайы» жоқ. Қай жерде болмасын өмір 
сүріп жатқан барлык - ол нақтылы, олай болса, өз ішінде белгілі-бір айырмашылық пен 
карама-қарсылықты қамтиды. Заттың өтпелілігінің өзі оның ішкісіне сыртқы 
нақты болмысының сай келмеуінде...Қайшылық міне, бұл дүниенің шынайы
қозғаушысы, ал кайшылықты ойлауға болмайды деген пікір тек күлкі туғызады». 
Сонымен Гегель диалектикалық таным эдістемесін жасап, философияның 
ғылымдык абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтерді. Оның философиясының осы 
құнды жағы болашақ марксизмнің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақ 
тарауда талдайтын боламыз. Ал енді неміс философиясының осы замандағы көрнекті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет