Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет276/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
315 
Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзін ерекше түрде бағалайды. Ол ләззат 
алатын әрбір сәтке бәрін беруге дайын, бірақ келесі сезімдік ләззат бұрынғыдан 
басқаша, нәзік те өткір болуы керек. Өмірдегі біркелкілік, қайталанушылық — 
эстетикалық өмір салтының қас жауы. Егер Дон-Жуан мейлінше көп сұлу әйелдерден 
эротикалық жыныстық жеңіске жетуге тырысса, Иоан - нәпсіқұмар әртүрлі нәзік те 
өткір ләззат алуға ұмтылады. Бірақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық өмір 
салты сарқыла бастайды -қайталанбайтын қайталанады, өткір сезім мұқалып, өңі 
кетеді, ләззат қуудың жалғандығы айқын көріне бастайды, жалғыздық сезім, өмірге 
көңілдің толмаушылығы дүниеге келіп, тіпті одан күдер үзуге әкеледі. Ақырында 
дағдарыстағы тұлғаның алдында екі таңдау жолы пайда болады: біріншісі - сол 
бұрынғы сатыда қалып өмірден түңілу; екіншісі — одан аттап өтіп, келесі сатыға 
көтерілу. 
Келесі өмір сатысы — этикалық. Егер эстетикалык өмір салты ләззат алуға 
бағытталған болса, этикалық сатыда адам ізгілік жолына түсіп, қоғам алдындағы 
парызды орындау соның кепіліне айналады. Эстетикалык өмір салтында адам өз-өзін 
қанағаттандырса, этикалық сатыда жалпылықты іске асыруға тырысады. Осы арада 
үлкен қайшылыктар пайда болады - адамның ішкі өзіндік сезімдері оны бір жаққа 
жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары оны екінші жакка сілтейді. 
Парыз талаптарына сай келуге тырысып, адам біржақты, сезімі сарқылған, машинаға 
ұқсас пендеге айналады. Бұл бағыт барған сайын тереңдей түсіп, кайғылы 
қайшылықтарға әкеледі, өйткені уақыттан тәуелсіз моральдық сана өтпелі адамның 
сезімдік іңкәрінен өзінін іргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. Адам моральдық 
жағынан алып қарағанда өз-өзіне жеткілікті пенде бола алмады. Кьеркогер оның 
себебін, Августин сияқты, адамның туа күнәлігінен көреді. 
Бұл арада «әлде-әлде» принципі таңдау мәселесін шешпейді, өйткені екі сатының 
да үлкен кемшіліктері бар, сондықтан «ол да емес, бұл да емес» деген тұжырымға 
өмір диалектикасы әкеледі. Олай болса, адам үшінші соңғы, сатыға өту шешім іне 
келіп трагикалык секірістен өтеді. Бүл саты діни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет