Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет278/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
317 
ол -қажетті, керек қылатын нәрсе. Егер біз зардап шегуді мойындап қана қоймай, 
сонымен қатар оны сүйетін болсақ, сонда ғана біз өмір сүру деңгейімізде 
бақытсыздықтан биіктеп, бакыттың өзінен асып түсеміз, - дейді ұлы ойшыл. Олай 
болса, адам өзінің өмірін жеңілдетіп, зардап шегуден қашудың орнына, оны, 
керісінше, ауырлату, күрделендіру қажет - сонда ғана біз бақытсыздық пен 
бақыттылықты аттап өтіп, олардың арасындағы қайшылықты жоя аламыз. Әрине, 
Кьеркогердің бұл идеялары христиан дінінің ғасырлар бойы уағыздаған 
қағидаларына қарсы келді. Соңғылар дүниедегі зұлымдық, әділетсіздік, зардап шегу - 
Құдайдың алғашқы көрсеткен дұрыс жолынан адамның ауытқуынан шықты, ал 
жаратылған бұл дүние жалпы алғанда мінсіз деген пікірде болса, Кьеркогер осы 
дүниенің зұлымдық пен зардапқа толы екендігін айтады. Бірақ ол үшін біз Құдайды 
сынаудан алшак болуымыз қажет. Құдайға сену ешқандай оған күмәндануды қажет 
етпейді. Сенім дегеніміз - парадокс, ол жекелікті жалпылықтан, жердегіні аспаннан, 
өтпеліні мәңгіліктен, жеке сенімді моральдық қағидалардан жоғары ұстауды талап 
етеді. Сенім - жеке адам таңдауының ісі, еріктің шешімі, секіріс, тәуекелдік, ғажайып, 
абсурд. Тертулианның уақытында айтқан «Credo, quia absurdum est» (сенемін, ақыл-
ойға сыймағаннан кейін) деген нақыл сөзін Кьеркогер өзінің шығармашылық еңбегінде 
ғана емес, сонымен қатар өзінің өмірімен дәлелдеген сиякты - ол Авраам сияқты 
өзінін Регина Ольсенге деген махаббатын Құдайға сенудін жолында құрбандыққа 
шалды. Тертуллианның өзі де мұндай шәкіртім болады деп ешқашанда армандамаған 
болар. 
Өз уақытында бағаланбай ұмыт болған ойшыл XX ғ. шарықтаған даңққа ие 
болды. Ал оның себебін біз келесі тараудағы кіріспе сөзімізде айтатын боламыз. 
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 
1. XIX ғ. екінші жартысында неге классикалык философияға
қанағаттанбаушылық пайда болады? 
2. А.Шопенгауер философиясының негізінде не жатыр? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет