Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет277/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
316 
заманындағы адамдарға ренжіп, олар ғылыми танымның кереметтігіне сеніп, 
адамның өмір сүруі мен ішкі рухани тебіреністерінен пайда болатын мәселелерді
ұмыт калдырғаны жөнінде айтады. Тек кана діни сатыға көтерілген адам ғана ол 
мәселелерді өзінің өмірінің негізіне айналдырады. Адам күнәлі пенде ретінде өзінің 
кінәсін мойындап, Құдайдың өзімен сұхбатка түсіп, өз-өзін табады. Ал мұның өзі 
үлкен зардап шегу арқылы келмек. 
Діни сатыны айкын суреттейтін - Библиядағы Авраамның бейнесі. Ол Құдайға 
сенуінің кепілі ретінде өзінен туған сүйікті жалғыз баласын қүрбандыққа шалуға 
дайын. «Үрей мен қалтырау» деген еңбегінде Кьеркогер осы Библияның сюжетін 
толығынан егжей-тегжей талдап, діни және этикалық сатылардың арасындағы 
шешілмейтін терең қайшылықтарды көрсетеді. Расында да, моральдық жолмен 
талдағанда, Авраамның ісі адамгершіліктен өте алшак, ол моральдық парызды ғана 
бұзып койған жоқ, үлкен кешірілмейтін қылмысқа шейін баруға дайын. Авраам мен 
Сократтың ниеттерінің арасындағы қашыктык - шексіз. Сократ у ішіп, өзінің
өмірін моральдық принципті орындау жолында қияды. Ал Авраамға келер болсақ, ол 
Құдайдың әмірін орындау жолында, соған сенгендіктің кепілі ретінде, өз туған 
баласын бауыздап, содан пайда болатын бүкіл ауыр моральдық жүкті, күнә мен 
кінәні мойнына алуға дайын. Мұндай өте қиын қайшылықтар өмірдің парадокстарын 
тудырады. Сонымен «парадокс» ұғымы Кьеркогердің өмір суру диалектикасының
негізгі категорияларының біреуіне айналады. Парадокс дегеніміз — адамның ішкі 
өмірінің қайшылығынан шығатын өмір сүру зардабы. Егер эстетикалык өмір 
сатысының негізгі категория-сы - ләззат алу, этикалык сатыда - парыз болатын 
болса, діни сатыда ол - зардап шегумен тең. Адам - зардап шегуге жаратылған пенде. 
Өмір - зардапқа толы. Өмір сүру дегеніміз - зардап шегу. 
- Әрине, адамның бұл өмірде зардап шегуі - сонау көне заманнан осы уақытқа 
шейін талданып келе жатқан мәселелердің бірі. Бірақ Кьеркогер оны өте өткірлеп 
күшейтеді. Оның ойынша, зардап шегу тек өмірдің өзінен шығып қана қоймайды, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет