Нуржігіт Алтынбеков 345
айтылған сөздің ойлы астарына риза болған Солон Анахарсисті құшақ жая карсы
алып, олар бір-бірімен дос болып кетіпті.
Грек философиясында Анахарсисті өздерінін дана жеті бабаларының біреуі деп
санайды. Олар артында үлкен кітаптар қалдырмағанмен, өздерінің накыл сөздері
арқылы даналыққа ие болды- Анахарсис: «Жүзім шыбығы бір шоқ ләззат, содан кейін
мастық, соңында жеркеніштілік әкеледі», - деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздің ішкі
сыры әр нәрсенің өлшемін біліп, сақтауда болса керек. Оған арнап гректердің қойған
ескерткішінде оның мынандай сөзі жазылған: «Тілің мен кұлқыныңды, нәпсінді
ауыздықтай біл!». Бірде Анахарсис «Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман
нәрсе не?» деген сұрақка: «Тіл», - деп жауап беріпті. Кезекті бір пікірталас үстінде, істің
барысын тыңдап отырып, Анахарсис былай депті: «Элладалықтар қызық осы: мұнда
сөзді ақылдылар айтады да, мәселені ақымақтар шешеді». «Элладада жарысқа
өнерпаздар қатысады да, өнерсіз адамдар қазылар алқасында жүреді», — деген сөзді де
Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, «адам мен адамның айырмашылығы - тілі мен
атақ-даңкында емес, - ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық - ең қасиетсіз сезімдер».
Грек елінің бір азаматы: «Сен жат елдің тұқымысың», - деп кемсіткенде, ол: «Мен үшін
- елім қайғы, ал сен - еліңе кайғысың», - деген екен.
Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетін, нарықтық
қатынастарды сынға алады: «Саудагерлер халықты ашықтан-ашық алдап жатқанда,
қалайша өтірікке тыйым салуға болады».
Әсіресе бізді таңғалдыратын мәселе - Анахарсис XX ғ. пайда болған
экзистенциализм философиясында койылған кейбір мәселелерді сол кезде-ақ сезініп,
тебіренген. «Кімдер көп: өлілер ме, әлде -тірілер ме ?» - деген сұраққа, ол: «Теңізде
жүзіп келе жатқандарды кімге жатқызуға болады?» - деген қарсы сұрақты койыпты.
Ол сұрақтың шын мәні - адам өмірінің нәзіктігі, оның өне бойы өмір мен өлім
арасында болуы, ал мұның өзі экзистенциалдық философияның негізгі мәселесіне
жатады. Біреулерден кеменің тақтайының қалыңдығы төрт саусактай екенін білген
Анахарсис: «Кемешілер өлімнен төрт саусақтай қашыктықта жүзіп келе жатыр», -