Нуржігіт Алтынбеков 344
Көне бабалар «киелі» және оған карсы «кесір» деген ұғым, дарға өте жоғары маңыз
берген. Өздерінің жартылай көшпелі тұрмысындағы пайда келтіретін әртүрлі заттарға
ерекше күш таңады.
Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық-бақыт орнап
«құт» қонады. Ал әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлікке ұшырап, кырсыққа
шалдығады, яғни кесірге айналады. Сонымен бірге «қызыр» немесе «қыдыр» деген
қасиет үлкен орын алады. «Қыдыр дариды, бақ конады, ақыл барлығына басшылық
етеді» деген нақыл сөздерді осы уақытқа шейін естуге болады. Енді көне
бабаларымыздың алғашқы философиялық тебіреністеріне тоқталуға уақыт келген
сияқты.
Қазақ топырағында калыптасқан философиялык ойлардың кұрамдас бөлігі
ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, көне грек ой-өрісінде
өзінің өшпес ізін қалдырған Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы
Геродот Анарыстың қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан
шыққаны жөнінде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-білімге кұмар, өз
Отанының әдет-ғұрпын жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атакты
адам болса керек. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел
басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп, ел билеудің
жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.
Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия
тарихшысы Анахарсистің Афинадағы Солон патшаға алғаш келіп танысып, дос
болғаны жөнінде мынандай аңызды келтіреді. «Қиырдағы скиф қаласынан ілім
іздеп, ақыл-зердемді сынатып қайту үшін, Солонға келіп тұрмын. Көңілі
қаласа -достыкка жараймын, пейілі түссе - қонағы боламын», - деп Солонның
қызметшісінен сәлем айтады. Сонда Солон: «Есі бар ер досты өз елінен іздейді», -
депті. Анахарсис мүдірместен: «Солон дәл қазір өз Отанында. Ендеше, өз елінің
төрінде отырып, неліктен досыма дос коспасқа», - деп жауап кайтарыпты. Ұтымды