Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет35/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
36 
агностицизм деген атақ берілді (а - теріс бөлшек, gnоsis - тану). 
Осы ағымдардың ішіндегі субъективті идеализм ғана үзілді-кесілді біржақты 
шешеді: бізді жағалай қоршаған Дүниені танып-білуге болмайды, өйткені ол - жоқ. 
Әрбір адамның ішкі жан дүниесінен шығатын өз дүниесі бар. Ал сыртқы, яғни адамға 
әсерін тигізіп жатқан, одан бөлек өмір сүретін Дүние жоқ. Әрине, мұндай көзқарас, бір 
қарағанда, қарапайым кайсыбір адамның дүниетанымына қайшы келіп, абсурд сияқты 
көрінеді. Бірақ философиялық деңгейде оны теріске шығару біршама қиындықтарды 
туғызады. 
Енді дүниетануды мойындайтын философияға келетін болсақ, олар келесі 
сұрақтарға жауап беруі кажет: 
Адам Дүниені қалай таниды? 
Адам Дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады? 
Тарихи бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді. Тарихи алғашқы пайда 
болған жауап «қайсыбір таным тәжірибеден шығады». Мұндай танымдық 
тұжырымға эмпиризм деген атақ берілді (еmреrіа - грек сөзі, тәжірибе). Сонау көне 
заманда пайда болып, эмпиризм танымдық тұжырымдама ретінде ХҮІІ-ХҮШ ғ.ғ. 
қалыптасады. Сонымен егер танымның негізгі қайнар көзін тәжірибеде деп мойындаса, 
ондай танымдық бағытты біз эмпиризмге жатқызамыз. Эмпиризмге өте жақын тұрған 
танымдық ағым, ол -сенсуализм (sеnsus - латын сөзі, сезім, қабылдау, түйсік). 
Сенсуализм таным үрдісіндегі сезімдік қабылдауды негізгі жол деп есептейді. 
Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі мынадай: «Алғашқы сезімде болмаған, 
ақыл-ойда да жоқ». 
Келесі таным теориясындағы ағым рационализм (гаtіо -латын сөзі, ақыл). Бұл 
ағым адамның ақыл-ойын, зердесін танымның өзегі, негізі ретінде қарайды. 
Рационализм таным тұжырымы ретінде XIX ғ. дүниеге келеді. Тарихи 
рационализмнің негіздері сонау көне заманда пайда болады. Грек ойшылы Парменид 
сол көне заманда: «Сезімдік таным тек қана жалған пікірлер туғызады, ал ақыл-ой 
арқылы ғана нағыз ақиқатқа жетуге болады», - деген ой айтқан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет