Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет38/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
39 
құрамына кіргізіп, ал жалған жақтарын сырттатады. 
Танымдағы мұндай бағытқа «релятивизм» деген атақ берілді (rеlаtіvus - латын сөзі, 
салыстырмалы). 
Сонымен тіпті маркстік философияның шеңберінде біз гносеологиялық мәселелерге 
праксеологиялық шешімдердің кіргенін байқадық. 
Мұның өзі бізді философияның негізгі мәселесін әрі қарай талдап «адам дүниені не 
үшін таниды?» деген сұраққа әкеледі. Мүмкін, ол Дүниеге таңғалып, соған 
қызығушылық сезімнің негізінде оны танып-білетін болар? Әлде ол адамның өмірлік 
мұқтаждықтарымен 
байланысты 
ма? 
Мысалы, 
Аристотельдің 
айтқанындай, 
«философияның негізінде адамның Дүниеге деген таңғалуы жатыр». Сонымен адам 
Дүниені танып-білудің негізінде оны өзгерте ме, я болмаса өзінің табиғи өмірге деген 
қызығушылығын қанағаттандырып қана қоя ма? 
Басқаша айтқанда, адамның дүниетанымы, санасы, рухы айнала қоршаған 
ортаға өзінің әсерін тигізе ме, әлде Дүние сол қалпында қала бере ме? 
Бұл қойылған сұрақтар философияның праксеологиялық (іс-әрекет) және 
аксиологиялық (құндылық) жақтарын кұрайды. 
Мысалы, адам материалистік көзқараста болып, дүниенің танылатынын 
мойындағанмен, айнала қоршаған ортаны - табиғат пен қоғамды өзінің белсенді іс-
әрекеті арқылы өзгерте алатына күмән келтіруі мүмкін. 
Бір қарағанда, бұл сұракқа жауап жеңіл сияқты. Оған жауап ретінде адам тағы 
табиғатта жоқ қалаларды, асфальт, теміржолдарды, ұшақтарды т.с.с. көрсетуі мүмкін. 
Мұның бәрі де адамның саналы іс-әрекетінің нәтижесі. Бірақ экологиялық апаттар мен 
дағдарыстардың дүниеге келуі, көп өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің келмеске 
кетуі, жалпы айнала қоршаған табиғаттың азғындауы, тіпті адамдардың өздерінің 
физикалық табиғатының әлсіреуі, осынын бәрі - жоғарыда көрсетілген жеңіл жауапқа 
күмән келтіруі мүмкін. Олай болса, бұл сұрақ қазіргі адамзаттың рух тебіренісінің негізгі 
мәселелерінің бірі болып саналады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет