Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет36/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
37 
Жаңа дәуірдегі математика, жаратылыстану ғылымдарының дамуы адамның 
ақыл-ойының құдіретін, оның табиғаттың ішкі сырын ашудағы зор мүмкіншіліктерін 
көрсетті. 
17-18 ғ. ғылымның дамуы тіпті Европа топырағында үлкен идеологиялық ағымды 
- Француз Ағартушыларының ақыл негізінде дүние тануға, қоғамды қайта құруға, 
адамдарды тәрбиелеудегі ақыл-ойдың құдіретті күшіне деген зор сенім арттыруына 
әкеліп жеткізді. 
Бұл замандағы рационализмді қолдайтын ойшылдар дүниені ақыл-оймен 
қорытудың сезімдік танымнан анағұрлым терең екенін көрсете білді. Егер сезімдік 
таным жеке құбылыстарды, кездейсоқ нәрселерді ғана танып, шегіне жеткен 
жалпылық, қажеттік деңгейіне көтере алмаса, ақыл-ой, зерде арқылы адам ондай 
дәрежеге көтеріле алады. Сонымен ғылыми білімнің қайнар көзі, ақиқаттьң 
анықтамасының бәрі - ақыл-ой, зердеде. Сондықтан Лейбниц сенсуализмнің 
«Алғашқы сезімде болмаған, ақыл-ойда да жоқ» деген тұжырымдамасына «ақылдың 
өзінен басқа» деген сөздерді қосьп адамның рационалдық танымының құдіретін 
көрсеткісі келді. 
Әрине, ғылымның әрі қарай дамуы рационализмнің біржақтылығы, сезімдік 
таныммен санаспау ақыл-ойдың өзінің шындықтан алшақ кетіп қалып, оның адамды 
адастыруы мүмкіндігін көрсетті. 
Сондықтан И.Кант: «Сезімдік таным ақыл-ойсыз толық емес, ақыл-ой сезімдік 
танымсыз - мазмұнсыз», - деген пікір айтып танымның екі жағын бір-біріне 
ұштастырды. Алайда Кант мұндай көзқарасты тек қана құбылыстар әлеміне таратып, 
«заттың өз ішіндегісін» танудан бас тартты. 
Рационализмнің ең биік шыңы ретінде Гегельдің философиясын алуға болады. 
Бұл кісі Дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы ретінде қарап, таным үрдісінің 
өзі абсолюттік идеяның өз-өзін танып-біліп, өзіне жаңа дәрежеде - абсолюттік рух 
ретінде қайтып оралуы деп түсінді. Сондықтан Дүниенің дамуын, адамзат тарихын 
Гегель абсолюттік идеяның логикалық жолмен өз-өзіне тереңдеуі деп түсініп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет