Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет372/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
433 
М.Хайдеггердің ойынша, «болмыстың үйі - тіл». Олай болса, герменевтика ілімін 
тілді талдау, тарихи ұмыт қалған сездердің сырын ашу, оны қайта өмірге енгізу, сол 
арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейді. 
Әрине, әр халық өз тілі арқылы өзінің дүниесезімі мен дүниетанымын, көзқарасын 
қалыптастырады. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмірлік тәжірибесі 
қорланады. Әсіресе бұл қағиданы көшпенді өмір салтын ұстаған қазақ халқының
өткең тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал. 
М.Хайдеггердің ойынша, адам тіл арқылы сөйлегеннен гөрі, «тіл адам арқылы 
сөйлейді». «Әрбір сөздің астарын ашсақ, онда неше түрлі мән-мағына жатқанын 
байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана 
герменевтика ісімен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары 
тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзік жақтары 
беріледі. Сондықтан әр ірі өлеңші -әрқашанда философ», - деп қорытады М.Хайдеггер. 
Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан неміс ойшылы Георг Гадамер 
болды. Ол герменевтика ілімін тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдіс 
ретінде тұсініп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негіздеді. 
Оның ойынша, тұсіну дегеніміз - адамның дүниетанымының негізгі жағы ғана 
емес, ол оның өмір сүруінің анықтаушы себебі, болмысының тәсілі. Г.Гадамер осы
уақытқа дейін герменевтиқада кеңінен қолданылған белгілі тарихи күжатты
зерттегенде, сондағы руханиятқа өту, түйсіну тәсілін үзілді-кесілді теріске 
шығарады. Бір дәуірден екіншіге, өзіңнен басқаға өту мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы 
философ 2,5 мың жылға шегініп, Платонның, я болмаса Анахарсистің тулғасына
өтіп, солар сияқты өмірді сезініп, қабылдай алмайды: ол аңғырттықты
көрсетумен тең болар еді. Әңгіме біреудің рухани өміріне өтуде емес,
керісінше, сол замандағы мәселелерді қазіргі заманға сай етіп талдауда. Яғни 
өзің мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керісінше, оның 
жойылмайтындығын сезіне отырып, басқаның өмір тәжірибесін өз өміріңде
қолданып қарауда, сондағы окиғаны өз ахуалыңмен ұштастыруда. Негізгі мақсат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет