Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет373/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
434 
— өткен оқиғаны ой өрісте қайта құру (реконструкция) емес, керісінше, жаңа
мән-мағынаны тудыру (конструкция) болып табылады. 
Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппікірлікті тудырады. Гадамердің 
айтуынша, герменевтиканын іргетасты ақиқаты мынада: бірде-бір адам ақиқатты 
танып-біліп, толығынан жеткізе алмайды. «Сондықтан өне бойы сұхбатты қолдап
басқаша ойлайтын адамға да сөз беріп, оның айтқанын назар қойып тыңдап, түсінуге 
тырысу қажет. Міне, герменевтиканың терең өзегі осында», - деп қорытады ойшыл. 
Г.Гадамердін енгізген тағы бір жаңалығы тұлғаның тебіренісін
зерттеуден гөрі, оның ойының мән-мағынасына өту ісеректігі. Зерттеуші жазылған 
мәтіннің ар жағындағы қалам иесінің тұлғасын көруге тырысудан гөрі, оның ой-
тебіренісін тудырған затқа үңілуі қажет. Бұл пікірден біз Г.Гадамер ілімінің 
психологизмге қарсы екенін байқаймыз. 
Бір дәуір екіншіге ауысқан сайын жаңа мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы 
көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетиқалық т.с.с. теориялар пайда 
болғанымен, әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала береді. Ол - тіл, оны өзгерту 
онай шаруа емес. Тілдегі қалыптасқан мәдениет тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, 
олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне ез ықпалын тигізіп, сонымен қатар
олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа тұсуіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан 
алғанда, түсінбеушілік - ол әр тілде сұхбаттасқанмен бірдей. Олай болса, тілге ұқыпты 
қарау. оны тыңдай білу, ондағы ұмыт қалған сөздерді жандандыру арқылы 
герменевтика өзінің негізгі мақсаты - мәдениеттегі дәнекерлік қызметін іске асыра 
алады. 
§ 4. Өмір философиясы 
Егер позитивизм ағымы XX ғ. ғылым саласында болып жатқан күрделі 
процестерді зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық күштерін салса, «өмір 
философиясы», керісінше, өмірді ақтау мен түсінуге шақырып, ақыл-ой, логика, 
дүниетаным, экономиқалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан дүниесін, өмір сезімін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет