Нуржігіт Алтынбеков 439
әртүрлі ойдың толғаныстарымен ауыстырып, тоқыратып тастайды. Мораль да
басқалардың қамын ойла» деп, билікке деген ерікті әлсіретеді», - деп жауап береді.
Билікке деген ерік күштінін құқының негізін құрайды. Күштінің құқы неше
түрлі қоғамда қабылданған моральдық, діни т.с.с. нормативтік ережелерден биік болуға
тиісті, сондықтан нағыз адам осы қағиданы өз өмірінде ұстауы қажет. Социализм
адамдардың арасында теңдік болу керек деген қағиданы таратады. Бірақ ол өмірдің
терең мәнін құрайтын билікке деген ерікті құртады, сондықтан ол керек емес.
Демократия да билікке ұмтылған адамдардың мүддесіне қарсы, өйткені тобыр
қайсыбір билікті ұлатпайды, яғни олар күштінің құқына қарсы тұрады. Ал еркек пен
әйелге келер болсақ, табиғат еркекті күшті қылып жаратты, олай болса, оған билікке
деген құқты берді. Сондықтан қайсыбір еркек пен әйел арасындағы теңдікке деген
ұмтылыс - қоғамның іріп-шіруінің көрінісі.
Жоғарыда көрсетілген көзқарас Ф.Ницшенін моральдық ілімінің негізінде жатыр.
Моральдың негізгі ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштілер,
жақсылардың әлсіз, жамандарға қарағандағы артықшылығынан шығады. Осы ойын
дәлелдеу ретінде ол моральдықты көрсететін сөздерге талдау жасап, неміс сөзі
«зһіесһі» жаман, түрсіз деген мағына берсе, оған жақын «зһіісһі» деген сөз де
«қарапайым адам» деген мағына береді, - деп қорытады. Тарихи бай, атақты,
асылдарды көрсететін ұғым «жақсылықпен» теңеліп, кедейлік, қарапайымдық
«жамандық», «залымдық» деген ұғымдарды тудырды деп есептейді Ф.Ницше.
Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерінің
моральдарын бүкіл қоғамға тануға тырысты. Оны ол «құлдардың моральдағы
көтерілісі» деп атайды. Ал оны жасаған дүниедегі ең «теоретиқалық халық» - еврейлер.
Олар қоғамның «құндылықтарын қайта бағалап», аристократиялық бір-бірінен туатын
«жақсы – асыл-күшті - әсем - бақытты - құдайдың сүйгені» деген құндылықтарды
толығынан теріске шығарып, оған қарама-қарсы «тек бақытсыз адамдар жақсылар»,
«кедейлер, әлсіздер, төмендегілер ғана - жақсылар», «тек зардап шеккендер,