Нуржігіт Алтынбеков
438
толығынан жете біле алмайды. Интеллект есептейді, бөледі, қайта құрастырады, одан
әрқашанда суық лебіз білінеді. Адам көп жағдайда өмірдің терең жақтарын бисаналық
түрде өзінін барлық жан-тәнімен сезінуі мүмкін. Мұның бәрі де дұрыс. Бірақ
А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбір терең
дүниетанымды жоққа шығарады. Өйткені интуициямен сезінгенді ұғым арқылы түсіне
алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткіземіз? Дүниедегі
«шығармашылық талпыныс» өне бойы қайталанбайтын өзгерістерді тудыра берсе,
онда дүниедегі барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер еді. Әрине, ол мүмкін
емес. Дегенмен А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негізінде ерекше
ағым пайда болмағанымен, ол XX ғ. басқа философиялық ағымдарға өзінің зор
әсерін тигізді.
Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
«Өмір философиясының» шеңберінде неміс философы Фридрих Ницшенің
(1844-1900 жж.) еңбектері ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдік Ерікті
болмыстың алғашқы негізіне жатқызса, Ф.Ницше Ерік категориясына әлеуметтік-
моральдық мән-мағына беріп, оны «билікке деген ерік» ретінде тұсінеді. Оның
ойынша, өмір билікті неғұрлым жете сезінгісі келеді. Егер А.Шопенгауердің «Әлемдік
Еркі» біреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистік көзқарастан бас тартып, еріктің
көптігін (плюралистігін), сол себепті олардың бір-бірімен бітпейтін күресте екендігін
мойындайды. Үшінші ерекшелігі, А.Шопенгауер адам еріктен бас тартып қана өзін
сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керісінше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам
болса, билікке деген еркін өмірге енгізеді, сол үшін күреседі.
Не жақсы деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған: «Билікке деген сананы, іңкәрді, сол
адамның билігінің өзін күшейтетіннің бәрі», -деп жауап қайтарады. Не жаман деген
сұраққа: «Әлсіздіктен шығатынның бәрі», — дейді. «Ақыл-ой арқылы жүретін
дүниета-іс-әрекет билікке деген ерікті күшейте ме» деген сұраққа: өйткені
интеллектінің басымдылығы билікке деген ерікті, онын ұмтылысы мен іс-әрекетін
|