Нуржігіт Алтынбеков 442
Сонымен бисаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өміріне, қоғамға
тигізетін әсерін зерттеу - Фрейдтің ғылымға енгізген жаңалығы болды. Адамның көп
ынта-тілектері мен құштарлықтары бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар
сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсінде, байқамай
айтылып қалған сөзде, кейбір дене қозғалысында т.с.с. көрініп қалады.
З.Фрейдтің ойынша, адамның психиқасының үш деңгейі бар: оның ортасында
«Еgо» (латын сөзі, «Мен» деген мағына береді), яғни адамның өзіндік сана-сезімі
орналасқан. Екінші кұрамдас бөлігін өзіндік сана-сезімнен жоғары деп атайды. Оған
неше түрлі қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтік нормалар, әке-
шешенің бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кіреді, ол - тәрбие
барысында адамның психикасына енгізіліп, соңынан оның барлық жүріс-тұрысын
қоғамның талабына сәйкес ретке келтіріп отыратын ішкі механизм. Адам
психикасының іргетасы ретінде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлігі - ол
құштарлық, іңкәрлік, зауықтану деген мағына береді.З.Фрейдтің ойынша, оған
адамның барлық бисаналық түрде өтіп жататын психикалық кұбылыстарының бәр; де
кіреді. Оларға инстинктер, күнгірт сезімдер мен түйсіктер,тілектер т.с.с. жатады.
Бисаналықтың өзегіне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады.
Ол бүкіл адамның психикалық жан дуниесіне өзінің ықпалын тигізіп, адамның
«өздігін», ерекшелігін құрайды.З.Фрейдтің ойынша, егер адам психиқасының ең терең
қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керісінше, сыртқы дүниеге, айнала қоршаған
ортаға бейімделуге асығады. Осы себепті сана мен бисаналықтың арасында
әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан дүниесіне
енгізілген әлеуметтік нормалардың талаптары өте күшті болса, онда ләззат алуға
бағытталған жыныс күш-қуаты сыртқа шыға алмай, бір жағынан, адамды невроз
ауруларының түрлеріне әкелсе, екінші жағынан, ол белгілі бір жағдайда