Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет413/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
474 
28. Т. де Шарденнің «тангенциалдык» жэне «радиалдық» энергия ұғымдарының 
мән-мағынасы. 
29. «Ноосфера» дегеніміз не? 
30. «Архирейлік» жэне «прометейлік» адам. 
31. «Негритюд» ілімінің негізін жасаған кім? 
32. Батыс философиясы Шығыс ой-пікірінде сомдалған қандай құндылықтарды 
ала алады? 
Рефераттар тақырыптары: 
1. О.Конт - позитивизмнің негізін қалаушы. 
2. Лингвистикалық философия. 
3. Постпозитивизм жэне оның негізгі өкілдері. 
4. Э.Гуссерль - феноменологияның негізін қалаушы. 
5. Герменевтика ілімінің негізгі қағидалары. 
6. Ф.Ницше жэне оның билікке деген еркі. 
7. З.Фрейдтің психоанализ ілімі. 
8. Э.Фромм: болу, я алу ма? 
9. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары. 
10.XX ғасырдағы діни фштософия. 


Нуржігіт Алтынбеков 
475 
II БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология ) 
§ 1. Болмыс ұғымы 
Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды «материя» 
ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы 
алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай 
жағдайда сонау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалған болатын. 
Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне 
жеткенінше көлемді ұғымы - болмыс категориалдық жүйеге енгізілді. Оның негізгі 
себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен 
рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір 
сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші 
жағынан, материалдық емес — идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып 
кеткеніндей, Ққдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей 
алмайды, ол - ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан 
дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас. 
Осы түрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», 
«өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын 
тілінде «being» - «tо bе» деген етістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет