Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет409/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
470 
индустар өмірге деген күш-қуаттарын басып тастаған тәізді. Шынына келгенде, 
рухани өмір адамзаттың материалдық өмірін өзіне ұқсатып өзгертуі қажет. Бірақ ол 
неге олай болмай отыр? Осы қиын сұраққа жауап беру үшін Ауробиндо Үндістан 
еліндегі мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ахуалға көз жүгіртіп, онда мынандай 
қайшылықты табады: руханияттың ерікті дамуы жеке соған берілген адамдар 
арқылы жүрді де, негізгі халықтың үлесіне енжарлық тиді. Сондықтан қоғамның 
материалдық өмірі ауыр да ащы құлдыққа айналып, одан қашып қүтылудан басқа еш 
амал қалмады. Жеке адамды жетілдіру ісімен әртүрлі иога мектептері айналысты, ол 
үшін қарапайым өмірдегі белсенділіктен құтылып, тіпті өмірден бас тарту керек 
болды. Өз білімін тарататын ұстаздын шәкірттері аз болды. Мұндай тәжірибе ғасырлар 
бойы созылып, ерекше халықтан бөлінген руханияты таза әлеуметтік топтың пайда 
болуына әкеліп соқты. Ал мұның өзі материалдық өмірдің дамуының түрткісін 
жойып, оны тоқыратты. Иогамен айналысатын адамның рухы биік те таза болғанымен, 
ол қарапайым өмірден бас тартуға мәжбүр болады, оның ішкі еріктігі сыртқы 
өліммен теңеледі. «Егер ол Құдайды тапса, онда өмірден айырылады, сыртқы 
өмірге кызықса, онда Құдайдан айырылады. Бұл қайшылыкты шешу үшін жаңа 
интегралдық йога қажет», - деп қорытады Ауробиндо. Оның негізгі мақсаты -
өмірден қашпау, Құдай мен Табиғатты ерікті де жетілген адам өмірі аркылы бір-біріне 
қосу болып табылады. Ол үшін адам белгілі бір жүйеге келтірілген қызу іс-әрекет 
арқылы өз ішіндегі кұпия жатқан дарындарды сыртқа шығарып, жетілу жолында 
универсалдық трансценденттік болмыспен қосылуы қажет. 
Жоғарыдағы көрсетілген тұрғыдан Ауробиндо «Мая» ілімін сынға алады. Көне 
үнді философиясында «бұл дүние - Мая - ұлы сағым» деген ілім болатын. Шынына 
келгенде, Табиғат - сағым емес, ол Құдайдың күш-қуаты арқылы жүріп жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет