Нуржігіт Алтынбеков 496
бір-бірімен ұштастыруға тең. Жер бетіндегі локальды (жергілікті) соғыстардың осы
уақытқа шейін тоқталмауы, негізінен алғанда, ірі мемлекеттердің кішілерді өз еркіне
көндіру саясатынан шығады. Тек бүгінгі таңда ғана Ресей мемлекеті бірте-бірте
империялық сана шеңберінен шығып, бұрынғы одақтас мемлекеттермен өзара
тэуелділіктің негізінде ғана жақсы тиімді қатынастарды орнатуға болатынын сезгендей.
Халықаралық саясаттағы бұл оң өзгерістерге өзінің барша тәжірибесі мен білімі,
тапқырлығын қосқан елдің президенті Н.Назарбаевтың үлесін асыра бағалау өте қиын.
Тәуелсіздік - қай халықтың болмасын, аса бағалайтын құндылығы, өйткені тек осы
жағдайда ғана алға кеткен халықтарды тиімді түрде қуып жетуге, халықтың
шығармашылық мүмкіндіктерін сыртқа шығарып гүлдетуге, негізінен алғанда,
тәуелсіздіктің терең түп-тамыры, өз болмысының қайнар көзіне, жаңа деңгейде қайта
оралуына жағдай туады. Қоғам өміріндегі көп нәрселерді реформа барысында
өзгертуге, басқа елдердің озық тәжірибесін қабылдауға, әрине, болады. Бірақ халық
болмысының қайнар көзінде жатқан, тәуелсіздіктің өзіндік негізін құрайтын
нәрселерді өзгертуге болмайды. Ондай жағдайда біз «жаңа мәңгүрттікке» тап болып,
өз-өзімізден (идентификация) айырылып қалуымыз мүмкін. Айтылған ойды терендете,
қоғам өміріндегі кейбір өзекті мәселелерге тоқтала кетейік.
Тәуелсіздіктің сонғы 10 жылында елімізді бүкіл әлемге таныту мен мойындату
жолында көп жұмыстар жасалды. Бұрынғы Кеңес қоғамының ядролық қаруларынан
бас тартудың арқасында, ең ірі мемлекеттерден, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай
елдері де бар, тәуелсіз өмір сүруіміздің кепілін алдық. Бұл біздің жас
дипломатиямыздың ең ірі жетістіктеріне жатады. Соның арқасьщда
Қазақ елі
бүкіләлемдік қауымдастыққа бейбіт өмір аңсайтын қоғам болып танылып, мәртебесі
көтерілді. Біздің несібемізге тиген мол табиғи байлықтың арқасында көп дамыған
елдердің
мүдделерің
елімізде
қалыптастырдық,
миллиардтаған
доллар
инвестицияларды тартып, халық шаруашылығын жаңа жолға қойдық. Бұл да
тәуелсіздіктің негізгі факторларын құрайды. Ел астанасын жаңа жерге көшіру - жаңа
мемлекетті кұрудың символы, тәуелсіздік жолындағы қажымас саяси ырықтың