Нуржігіт Алтынбеков
498
гүлденген ел боламыз.
§ 4. Құбылыс және мән
Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға
өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс
дейміз. Сонымен қатар,
қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі түрақты, соның
арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз
ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін
құрайды.
Заттың
көзге көрінетін, «құбылатын» жақтарының астарында оның келесі көзге
көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің
арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны жете түсіне алмай,
заттың денелік-
материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни
мәні, ұғымы - материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың
мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар
материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын ала
берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).
Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар
көзін ойшылдар Құдайдың
құдіретті күшінен іздейді.
Жаңа дәуірде бұл категорияларға аса көп назар аударған И.Кант болды. Оның
ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен (феномен) қатар, оның
ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың құбылысы - феномен,
заттың мәні -
танылмайтын ноумен. Адамның бар мүмкіндігі — сезім мен ақыл-ойға априорлық
(тәжірибеге дейін) түрде берілген категориялар арқылы
бізге өз әсерін тигізетін
кұбылыстарды ретке келтіру ғана. Ал оның ар жағындағы жатқан мәнді, «заттың
өзіндік» сырын ашу мүмкін емес.
Мұндай кұбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы
коюды Гегель қателік деп санап,
Достарыңызбен бөлісу: