Нуржігіт Алтынбеков
492
жылы жақсы егін орылса, екінші жылы қуаңшылық болмауына ешкім кепілдік бере
алмайды. Мұндай жағдайда кіші-гірім фермерлік шаруашылықтардың өмір сүруі
екіталай. Оны қазіргі өмір көрсетіп те жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, көп
ұжымдық мықты ауылшаруашылық мекемелерін жасанды
банкрот етіп құрту -
саясатта жасалған үлкен қателіктердің бірі болды Өмір олардың орнына үлкен
алпауыт лендлордтарды ауылға әкелді. Ал олар болса ауылдың әлеуметтік
жағдайына көңід белмейді. Олардың негізгі мақсаты - егінді егіп, уақытында жинап
алып, нарыққа
мейлінше қымбатқа өткізу, ал одан пайда болған қаражаттың пілдей
бөлігі, негізінен, қалада корлануда... Бүгінгі таңдағы жеке кішігірім фермерлік
шаруашылықтардың қайта кооперацияға өтуге тырысуы -
осы елдің ерекшеліктерінен
шығады. Сонымен қатар өзен-су бойында орналасқан, суармалы тұрақты өнім алуға
мүмкіншілігі бар жерлерде фермерлік шаруашылықтар тиімді болуы әбден мүмкін.
Ал енді жер байлығына келер болсақ, елдің мршттан алыс болуына байланысты,
оларды басқа елдерге экспорттаудың жол қаражаты өте қымбат.
Сондықтан шикізат
етіп сыртқа шығарудан гөрі, оларды өңдеп, мұнайдан бензин, керосин т.с.с.,
мыстан
неше түрлі кабельдерді, ал жүре келе электр жабдықтарын жасаған жөн. Бірақ бүгінгі
таңда оған қаражат жеткіліксіз болып жатыр... Сонымен қатар алғашқы капитал тез
қорланбай, іскерлердің әсем сарайлары мен «Мерседестерінен» қалмай жатқан
жақтары да жоқ емес.
Олай болса, біз өзіміздің ерекшеліктерімізді мұқият зерттеп, жалаң
еліктеушіліктен арылуымыз қажет. Сонымен
қатар алға кеткен елдердің
жетістіктерін өз айнала ортамызға, соған тарихи икемделген сана-сезімімізге
бейімдеп қолдануымыз керек. Сонда ғана біз өз ерекшеліктерімізді сақтап,
соның
арқасында басқа елдердің де шынайы қызығуы мен сүйіспеншілігіне қол жеткіземіз.
Дүниедегі көптүрлігімен танылатын мемлекеттердің ішінен өз орнымызды табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: