Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет451/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
513 
отырады екен. Бұл тұрғыдан алғанда, 2000 жылдан артық ғылымда еш дау туғызбаған 
Евклид геометриясының негізгі қағидалары жер бетіндегі адамдардың практикалық 
қызметіне бейімделген тұрпайылынған кеңістік теориясы болып шықты! 
Неміс ғалымы Б.Риман сфералык кеңістіктің (үлкен шардың үстіндегі кеңістік) 
қасиеттерін зерттеп, оның үстінде сызылған тура сызыктан тыс орналасқан нүктенің 
үстінен бірде-бір тура сызыққа параллельді сызықты жүргізуге болмайды: бәрі де 
онымен тоғысады деген пікірге келеді. Сфералық кеңістіктің үстіндегі үшбұрыштың 
қосындысы 180 градустан асып түседі! Псевдосфераның геометриясын зерттеген орыс 
ғалымы Н.И.Лобачевский мен венгр Я.Больяй керісінше нәтижеге келді: үшбұрыштың 
қосындысы 180 градустан аз болып шықты. Сонымен қатар оның үстінде бір тура 
сызыққа қосылмайтын көп сызықтар болуы мүмкін. 
Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген 
субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. 
А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып 
болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала 
берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен 
бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың 
қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана». 
Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті 
формалары ретінде қарап, сонымен катар оны философия, физика т.б. ғылымдардың 
іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен 
уақыттан тыс өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ. 
Ең алдымен ескертетін нәрсе - олар шынайы және объективті, яғни адамдардың 
санасынан тәуелсіз өмір сүріп, сонымен қатар танылады. Діни философияда кеңістік 
пен уақыттан тыс өмір сүретін Құдай идеясы мойындалады, бірақ ол - ешқашанда 
дәлелденбейтін ашық сұрақ. Ал Канттың субъективті-идеалистік көзқарасына келер 
болсақ (кеңістік пен уақыт - априорлық сезімдік формалар ғана), ол да қазіргі ғылыми 
сынды көтермейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет