Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет449/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
511 
Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеңістік - дүниедегі заттардың алатын 
орны, ал уақыт - қозғалыстың саны, мөлшері. 
Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-
әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен уақытта берілген, тек Құдай ғана – 
мәңгілік, олардан тыс жатыр. 
Жаңа дәуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып, кеңістіктің заттармен 
толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол 
ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. Ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, 
уақыт сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те 
болды. 
Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды. Оның ойынша, олар 
адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс) түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, 
ал уақыт - ішкі сезімнің априорлық формалары. Тек солар арқылы ғана адам өз 
дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады. 
Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында XX ғ. дейін кеңістік пен 
уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан 
ағылшын ғалымы И.Ньютон болған-ды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз 
қуыс) және уақыт (таза, біркелкі ұзақтық) категорияларын енгізіп, олар материядан 
да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге келеді. Сонымен қатар, адамның 
санасында салыстырмалы кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге 
байланысты өзгерісте болуы мүмкін. 
Ньютон гравитация (тарту) заңдарын ашу негізінде алыстан әрекет ету теориясын 
жасайды. Дүниежүзілік тарту күші ғарышта сол сәтте тікелей шексіз тарап, 
объектілерге өз әсерін тигізеді. Сондықтан уақыт ғарышта барлық жерде біркелкі. 
Мысалы, жер бетіндегі бір университетте лекция окылып жатса, басқа жұлдыздар 
аясындағы планеталарда сол сәтте басқа зерделі пенделерге де дәріс жүріп жатуы 
мүмкін. Бұл классикалық механикада жасалған тұжырымдар болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет