Нуржігіт Алтынбеков 520
«өзінің тәуелсіздігін» сақтауға тырысады, өйткені арнаулы тарауда
көрсеткеніміздей, «тәуелсіздік», «дербестік» -болмыстың терең сипаты. Осы арада
заттың ішінде кайшылықтың бастауы ашылады. Ол жүре келе, тұтас заттың
ішіндегі қарсы жақтарын тудырады. Сонымен біртұтастық қарама-
қарсылыққа, соңғы бірлікке айналады. Оны философияда қарама-қарсылықтың тепе-
теңдігі деген ұғыммен береді. Мысалы, жердің оңтүстік және солтүстік полюстері
бар, олар бір-біріне қарсы сонымен қатар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Қайсыбір
тіршіліктің ішінде ассимиляция және диссимиляция үрдістері жүріп жатыр.
Осы екі қарама-қарсылықтың негізінде тіршілік өмір сүреді. Егер оның бір жағы
болмаса, онда организм өледі. Феодалдық қоғамда екі тап - шаруалар мен байлар -
қарама-қарсылықтың екі жағы.Бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір-
бірімен күресте, сонымен қатар бірлігін сақтайды. Егерде олардың мүдделері
шегінен шығып, кедейлердің көтерілісіне әкелсе, ол қоғам жаңа қоғамға ауысып,
я болмаса ескі қоғамның шеңберіндегі жаңа ахуалға әкелуі мүмкін.
Бұл арада айтып кететін жайт - диалектикалық тепе-теңдік математикадағымен
ұқсас емес. Есепте 5=5-ке тең болса, диалектикалық тұрғыдан қарағанда 5 = 5 тең,
сонымен бірге тең емес. Бір зат екінші затқа тең, сонымен қатар оның ұқсамайтын
теңсіз жақтары да бар. Мысалы, екі жапырақ бір-біріне тең, сонымен қатар тең емес.
Егерде біз затты өз-өзімен салыстырсақ, онда да сондай нәтижеге келеміз.
Өзінің тұрақты жақтарымен зат өз-өзіне тең, сонымен қатар әрбір сәтте оны ішкі
құрамдас бөліктері бір-бірімен әрекетке түсіп өзгеріске әкеледі. Екіншіден, ол зат басқа
заттармен қарым-қатынасқа түскеннен кейін, ол сыртқы ықпал арқылы да өзгеруі
мүмкін.
Әрине, қайшылықтың өзін үрдіс ретінде қарау керек. Заттың жаңа ғана Дүниеге
келген сатысында тепе-теңдік айырмашылықтан гөрі басымырақ болады, соның
арқасында ол тез қарқынмен өсіп-өніп, айырмашылықтың күшеюіне әкеледі; екінші
сатыда айырмашылық тепе-теңдікке қарағанда басымырақ болып, қайшылықты