Нуржігіт Алтынбеков 518
§ 9. Қозғалыс тетігі
Сонымен жоғарыда кеңістік пен уақыттың шеңберінде қозғалыста өтіп жатқан
болмысты әңгіме қылдық. Одан туындайтын келесі мәселе - қозғалыстың қайнар көзі,
тетігі неде жатыр деген сұрақ. Оған осы тарауда жауап беруге тырысамыз.
Әңгіме Дұниенің ағым, қозғалыс екенін мойындауда емес, оны есі дұрыс
адамдардың бәрі біледі. Философияға дейін-ақ адамдар бір нәрсенің Дүниеге келіп,
екіншінің кетіп жатқанын, ақтың қараға, дымқылдың кұрғаққа т.с.с. қарама-
карсылықтың бір-біріне өтетінін байқаған. Сонымен бірге оның терең себебі неде
деген сұрақ мыңдаған жылдар бойы адамдарды толғантып, ізденіске итергені де - еш
күмән туғызбайтын шындық.
Көне грек философиясында бұл сұраққа терең жауап іздеген Гераклит болды.
Оның ойынша, Дүние - қайшылық, әр заттың қарама-қарсы жақтары бар, олардың
бір-бірімен күресі - Логос (logos - грек сөзі, сөз, мән-мағына) заңдылығы.
Мұндай пікірге Аристотель қарсы шығып, бір нәрсенің өмір сүруімен қатар, сол
сәтте өмір сүрмеуін мойындау - Қисынға қайшы келетін нәрсе олай болса ешқандай
дүниетаным мүмкін болмас еді деген пікірге келеді.
Ортағасырлық философия қозғалыстың қайнар көзін сыртқы себептен - Құдайдың
бізге танылмайтын күш-қуатынан шығарады.
Бұл мәселені шешуге өз үлесін косқан Қайта өрлеу заманының ұлы философы
Н.Кузанский болған-ды. Ол қарама-қарсылықтың бір-біріне өтуін (соіnсіdеntіа
орроsіtоrum - латын сөзі, қарама-қарсылықтың бір-біріне сай келуі деген мағына
береді) математика жолымен дәлелдемек болды. Мысалы, екі жағы тен үшбұрыштың
түйісін шексіз соза берсек, олар бір-біріне жақындай келе, түбі бір сызыққа
айналады. Бұл арада неміс ойшылы Я.Беменің: «Қайшылық - материяның зардабы,
ол оған дамыл бермей, оны козғалысқа итереді, ең ақыры, Құдайдың өзі - негізі жоқ
тұңғиық», - деген ойларын келтірсек те болғаны.
Жаңа дәуірдегі философияда Аристотельдің ғылымның дамуында қайшылықты