Нуржігіт Алтынбеков 533
§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
Даму бағыттылығы мен даму бағыты - екі бір-бірімен жақын, сонымен қатар
әртүрлі категориялар. Бірінші категория даму
бағытынан гөрі анағұрлым кең ұғым, өйткені өзінің құрамына даму бағытымен
қатар, себептілік, қажеттілік, мақсатқа лайықтылық т.с.с. болмыстың әртүрлі
қырларын өз мағынасына кіргізеді.
Даму бағытына келер болсақ, оған прогресс, регресс, біртінділік дамуды
жатқызуға болады.
Прогресс (рrogressus - латын сөзі, алға өрлеу, күрделену, табыс) деп даму
барысындағы
қарапайымдықтан
күрделілікке,
жетілгендікке
өтуді,
заттың
салыстырмалы түрдегі жағалай ортадан тәуелсіздігінің өсуін, ішкі ұйымдасу деңгейінің
биіктеуін т.с.с. факторларды айтамыз. Бұл ұғымның қарама-қарсылығы - регресс.
Регресс (rеgressus - латын сөзі, кері қарай) деп дамыған зат, я болмаса құбылыстың
ұйымдасу деңгейінің төмендеуін, тоқырауын, ыдырауын айтамыз.
Бір тінді даму деп заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шеңберіндегі кейбір
жақтарының ғана жетілуін айтамыз.
Сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниедегі өзгерістердің бағыттығы бар екенін
байқаған. Мысалы, Гесиодтың «Еңбек пен күндер» атты туындысында ол адамзат темір
заманында өмір сүріп жатыр деген пікірге келеді. Ал «алтын ғасыр» болса, ол артта
қалып қойды, - деп өкінеді ұлы ойшыл. Яғни тарих кері жылжу үстінде.
Платон мен Аристотельге келсек, олар Дүниенің өзгерісін бірінің артынан бірі
келіп, қайталап отыратыы шеңбер сияқты түсінді.
Орта ғасырдағы діни философия адамзат алдын ала болжанған тарихтың соңына
бара жатқанын айтады (провиденциализм -Құдай көрегендігі).
Жаңа дәуірде өндіргіш күштердің күрт дамуы мен байлықтың өсуі, ғылымның
жетістіктерінің кең көлемде өмірге енуіне байланысты «жарқынды болашақ» идеясы
пайда болды. «Алтын ғасыр» артта емес, ол - алда. Егер Ф.Бэкон мен Р. де Карт